Астанада шет елдерде тұратын отандастардың қатысуымен халықаралық өнер фестивалі өтті

02.11.2015 09:50 1663

 

2015 жылдың 29-30 қазанында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында «Шет елдерде тұратын отандастардың қатысуымен халықаралық өнер фестивалі« өтті. 

Фестивальдің мақсаты — шет елдерде тұратын отандастарымызбен мәдениет пен руханият, сондай-ақ білім салаларындағы байланысты дамыту және олардың ұлттық әлеуетін арттыру болып табылады.

Фестиваль аясында алыс-жақын 20-дан астам елдің 60-тан астам делегаттары қатысуымен жыр мүшәйрасы, термешілер сайысы және суретшілер көрмесі өткізілді.

Фестивальге қатысушы өнерпаздармен бірге шет елдердегі қазақ диаспораларының жетекшілері, еліміздің зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Фестивальдің салтанатты бөлімінде құттықтау сөздер айтылып, сайыс жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Атап айтқанда:

Ақындар мүшәйрасы бойынша:

Бас жүлде:

Үмітбек Бағдат — Қытай Халық Республикасы

І орын:

  1. Жандос Аманжолұлы — Монғолия
  2. 2. Ұмтыл Зарыққанұлы — Қытай Халық Республикасы  

ІІ орын:

  1. Нұрбек Кеңесбай — Қытай Халық Республикасы
  2. Ерзат Асылұлы — Қытай Халық Республикасы

ІІІ орын:

  1. Нарқұлан Райхан — Монғолия
  2. Қайрат Ахметов — Өзбекстан Республикасы

Ынталандыру сыйлығы:

  1. Қизат Мүбәрак — Қытай Халық Республикасы
  2. Дәулетберді Жекейұлы — Монғолия
  3. Көгедей Шәмерхан — Қытай Халық Республикасы

 

Термешілер сайысы бойынша:

Бас жүлде:

  1. Мағауия Қуатбаев — Өзбекстан Республикасы

І орын:

  1. Мақпал Белгібай — Қытай Халық Республикасы
  2. Нұртуған Тұрсынғазы — Қытай Халық Республикасы

ІІ орын:

  1. Хусейін Ертугрул — Түркия Республикасы
  2. Алтыншуақ Төлеген — Қытай Халық Республикасы

ІІІ орын:

  1. Қуанышбек Рахман — Қытай Халық Республикасы
  2. Ақжол Жүсіпұлы — Қытай Халық Республикасы

Ынталандыру сыйлығы:

  1. Құрметжан Ербақ - Қытай Халық Республикасы
  2. Жәнел Алма — Қытай Халық Республикасы

3. Гүлсайран Азатқызы — Қытай Халық Республикасы

 

Суретшілер көрмесі бойынша:

Бас жүлде иегері:

Бауырқан Жалын — Қытай Халық Республикасы

І орын:

  1. Мамбетов Рүстем - Өзбекстан Республикасы 
  2. Табысбек Толқын — Қытай Халық Республикасы

ІІ орын:

  1. Жанат Сейтахмет — Қытай Халық Республикасы
  2. Серікжан Ысқақбекұлы — Қытай Халық Республикасы

ІІІ орын:

  1. Құлманов Ерік — Өзбекстан Республикасы
  2. Айбек Қабикен — Қытай Халық Республикасы

Ынталандыру сыйлығы:

Ташмухамедова Гулжан — Өзбекстан Республикасы

 

Фестиваль дәстүрлі өнер шеберлері мен танымал эстрада жұлдыздарының гала-концертіне ұласты.

по материалам: mks.gov.kz