«Мәдениет» партиялық ұйымы «Чемпионды құтқарамыз» акциясына қосылды

06.11.2015 09:30 830

 

6 қараша, 2015. Астана. «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» Астана қалалық филиалы «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының мүшелері ауыр дертке шалдыққан кикбоксингтен халықаралық санаттағы спорт шебері Азамат Нұрпейісовті қолдауға бағытталған «Чемпионды құтқарайық" қайырымдылық акциясына қосылды.

«Мәдениет» бастауыш партия ұйымы өмірлерінде қиын жағдайларға тап болған адамдарға қолдау көрсетуді жалғастырып жатыр.

Бастауыш партұйымы белсенділері елде кең етек жайған «Чемпионды құтқарайық" қайырымдылық акциясына қосылып, ауыр дертпен арпалысып, алайда рухы сарқылмаған қазақстандық - Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, әлем чемпионаттарының жүлдегері, Азия чемпионы Азамат Нұрпейісовке қол ұшын созуға шешім қабылдады.

«Мәдениет» БПҰ атынан Азаматтың есебіне 95 мың теңге көлеміндегі материалдық көмек аударылды.

«Біз Азаматтың ауыр дерттен тезірек айығып кетуін тілейміз. Қазіргі уақытта емделуге үлкен қаржы қажет екендігін түсінеміз және аз да болса, оның айығып кетуіне өз үлесімізді қосуды қалаймыз. Ол рингте таныта білген қайсарлығын өмір үшін бұл тартыста да көрсете біледі деген сенімдеміз», деді «Мәдениет» БПҰ мүшесі Серік Ахметжанов.

Еске салып кетсек, бұған дейін аталмыш қайырымдылық акциясына ҚР мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, Г. Головкин, С. Сәпиев, Д. Елеусінов, И. Дычко, С. Деревяненко, С. Башенов секілді атақты спортшылар, отандық кино және телевидение жұлдыздары Б. Есентаева, Ә. Сағатова, сонымен қатар өзге де жүздеген бей-жай қалмайын деген қазақстандықтар атсалысты.

по материалам: mks.gov.kz