«Жібек жолы» фестивалінің жабылу салтанатында Италиядан келген қонақтар өнер көрсетеді

06.11.2015 09:23 797

 

6 қараша, 2015. Астана. ІІ халықаралық «Жібек жолы» фестивалінің жабылу салтанатына арналған ғаламат Галаконцертте Италиядан келген қонақтар — атақты сырнайшы Нелло Сальца және дирижер Массимо Скапин өнер көрсетеді. 8 қарашада «Астана Опера» театрының Үлкен залында музыкалық кеш өтеді, оған театрдың опера және балет жұлдыздары, тамаша хоры мен керемет симфониялық оркестрі қатысады.

Мерекелік концерттік бағдарламаА. Жұбанов пен Л. Хамидидің қазақтың классикалық «Абай» операсындағы әйгілі «Той бастар» көрінісі менАйдардың ариясынан бастау алады. 25 қыркүйекте ІІ халықаралық «Жібек жолы» фестивалі театрдың бас дирижері Алан Бөрібаевтың редакциясындағы дәл осы операның тұсаукесерімен ашылғанын атап өткен жөн. Бір жарым ай бойы театр көпшіліктің назарына 23 іс-шара ұсынды, оның ішінде 14 қойылым және9 концерт бар.

Фестиваль күндері астаналық театрдың қонағы болған әлемдік опера жұлдыздары: баритон Джулио Боскетти (Италия), сопрано — Акико Хаякава (Жапония) және Катажина Мацкевич (Польша), тенорлар — Михаил Агафонов (Алмания), Михаил Векуа (Ресей), Нәжмиддин Мавлянов (Өзбекстан), дирижерлар: Джузеппе Акуавива (Италия), Коичи Иноуэ (Жапония), Дориан Уилсон (АҚШ).Елордалық сахнада өнер көрсеткен шақырылған солисттер астаналық музыканттардың шеберлігін жоғары бағалады.

— Опера — менің өмірім. Мен осындай шеберлік деңгейі жоғары тамаша ұжыммен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын. Қазақстандық әріптестерімнің жылы қарсы алғанын және ізгі ниеттерін атап өткім келеді. Олар шын мәнінде маған қамқорлық көрсетіп, көп көңіл бөлді. Қазақстанда опера және балет өнеріне деген үлкен қызығушылықтың бары қуантады, оның бірден бір дәлелі - әрбір көрсетілімі толық аншлагпен өтетін ғажайып театр ғимаратының құрылысы, — деп Польшадан келген опералық әнші Катажина Мацкевич айтып өтті.

Мариинский театрының прима балеринасы мен премьері - ОксанаСкорик пен Евгений Иванченконың тамаша өнері ду қол шапалақ пен «Браво!» деген мақтаулар тудырды. Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі Евгений Иванченко «Астана Опера» театрының балеттік труппасына сүйсініп, әйелдер мен ерлер құрамының шеберлігін атап өтті.

Театр әртістері қазақстандық орындаушылар үшін осындай іс-шаралардың маңызды екенін айтып өтті. Солисттер, фестивальдің музыканттарға үлкен емтихан:әртүрлі елден келген әріптестермен бірлесіп жұмыс жасау, олардың шығармашылығымен танысу, тәжірибе алмасу — бұлда кәсіби шыңдалудың бір сатысы болғанын айтады.

Ғажап театрлық шара салтанатты Гала концерттің қызықты бағдарламасымен аяқталады. Осы кеште Италиядан келген сырнайшы Нелло Сальца және маэстро Массимо Скапинаның басқаруымен «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі сырнайға арналған репертуардағы техникалық жағынан ең күрделі пьеса — Ж. Б. Арбанның"Венециялық карнавал"тақырыбындағы вариациясынорындайды. Бұдан басқа, бағдарламада әлемдік опера классикасының жауһарлары ұсынылады.

Осы орайда «Астана Опера» театрының балеттік труппасы көркемдік жетекші, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратованың басшылығымен жаңа хореографиялық нөмірлер дайындады. Олардың ішіндеитальяндықдель арте комедиялық халықтық театрының бетпердетақырыбындағы қызықты әрі ізгі қиял туралы Р. Дригоның «Арлекинада"балетінен па-де-де бар. Ц. Пунидің «Маркитантка» балетіндегі па-де-систі нәзік би техникасын және секірулердің көптігін бейнелейді. Жасхореограф Ксения Зверева біздің солисттерімізге арнап Ф. ШуберттіңСкерцо аттымузыкасына қазіргі заманға сай балеттік трио қойды.

Бас хормейстер — ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов, дирижерлар — ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Абзал Мұхитдинов, Айдар Абжаханов; Арман Оразғалиев.

по материалам: mks.gov.kz