А. Гаркавец: 2015 жылдың мерейтойлық даталары Қазақстанның шығармашылық зиялы қауымын жаңа жобаларды жүзеге асыруға итермеледі

12.11.2015 11:35 888

 

2015 жыл ең жарқын және айтулы шараларға толы жыл болды. Бұл жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аталып өтті. Бұл тарихи даталар біздің шығармашылық зиялы қауымды жаңа жобаларды жүзеге асыруға итермеледі, деп ағынан жарылды филология ғылымының докторы Александр Гаркавец «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында.
АСТАНА ҚАЛАСЫ05 Қараша , 20:07

Түркі тілдерді зерттей отырып, олардың тарихына еріксіз көз жүгіртесін, мәдениетін жанына жақын аласың. Александр Гаркавец  қыпшақ тілдері мен жазба ескерткіштерді зерттеумен айналысып келе жатқанына 40 жылдан асқан, ол осыншама кітаптар жазып шыққан. Солардың ішіндегі ең ірісін жазу барысында автор ешқашан бітірмейтін шығармын деп ойлаған екен. Алайда бұл жолы оған өзінің тілін, мәдениетін фольклорын және өнерін  білуге деген Қазақстандағы құштарлық көмектескен.

«Өздерінің ізденімпаздығымен маған отандастарым көмектеседі, алайда олар оны біле бермейді. Ғылыми еңбек адамды кабинетте отыратын құртқа айналдырып жібереді, алайда Қазақстанда ол мүмкін емес. Себебі мен өзімнің ағайынды қазақтармен барлық ауыртпашылықты бірге бөлдім, осылайша өзімнің Ұлы  Жазық  Даланың ажырамас бөлшегіне айналып кеткенімді байқамай қалдым», - деп ағынан жарылды филология ғылымының докторы А.Гаркавец.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының басында Александр Николаевич Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған  «Мәңгілік Ел» тетарландырылған қойылымды өз көзімен көруге мүмкіндік алды.

«Сөзсіз бұл мерейтойдың өзге даталармен қарағанда мерейі үстем, салмағы ауыр. Ол біздің көпғасырлы тарихымыздан сыр шертеді. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтой барша қазақстандықтарға арналды. Ал, театрландырылған қойылым, ондағы жарқын бейнелер, образдар, ұтымды берілген ойлар, әртістердің шеберлігі,  жалпы сценарийі есімізден кетпейтіндей мәңгілікке із қалдырды, ол айтулы шараға айналды», - деді жазушы.

А. Гаркавец атап өткендей, 2015 жыл ең жарқын және айтулы шараларға толы жыл болды. 

«Бұл жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аталып өтті. Бұл тарихи даталар біздің шығармашылық зиялы қауымды  жаңа жобаларды жүзеге асыруға итермеледі», - деп түйді ғалым.

Анықтама: Александр Николаевич Гаркавец  қазақстандық түркітанушы ғалым, филология ғылымдарының доктары, «Түркі тілдері» кітабының авторы. Күні бүгінге дейін 20 кітап мен 140-тан астам ғылыми мақалалары жарық көрген.

 

 

 

Индира Кауметова 

по материалам: strategy2050.kz