«Бұқаралық ақпарат құралдары және тіл мәдениеті» атты семинар-тренинг өтті

12.11.2015 09:43 1007

 

2015 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Бұқаралық ақпарат құралдары және тіл мәдениеті" атты семинар-тренинг өтті.

Шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағытындағы «Тіл мәдениетін жетілдіру» тармағына сәйкес халықтың айнасы һәм құлағына айналған тілшілердің сөйлеу мәдениетін, сөз жүйесін жетілдіру және сөздік қорын толықтыру мәселелері қарастырылды.

Семинар-тренингтің өту мақсаты да осы халықтың мұң-мұқтажын, жыры мен сырын үнемі жарыққа шығарып, үздіксіз байланыс орнататын БАҚ өкілдері, оның ішінде телеарна, радио тілшілерімен кездесу ұйымдастырып, олардың сөздік қорын, сөз саптауын, тіл мәдениетін жетілдіруге арналды.

Семинар-тренингте кәсіби мамандар дәріс оқып, шеберлік сабақтарын өткізді. Семинарға қатысқан тілшілерге сертификат табысталды.

по материалам: mks.gov.kz