«Мәңгілік Ел» жобасы аясында көрерменге көркем, анимациялық және деректі фильм ұсынылады

12.11.2015 09:44 1640

 

12 қараша, 2015. Астана. Кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Мәңгілік Ел» жобасы аясында көрерменге көркем, анимациялық және деректі фильм ұсынылады деп хабарланды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова хабарлағандай, «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ведомство «Мәңгілік Ел» арнайы бағдарламасын әзірледі. «Мәңгілік Ел» бағдарламасының мақсаты қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы туралы он бөлімді «Қазақ Елі" көркем фильмі, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі атты 10 бөлімнен тұратын «Қазақ хандығына 550 жыл» деректі фильм және «Қазақ елі" атты толықметрлі анимациялық фильмі секілді тарихи-патриоттық фильмдер шығару болып табылады.

Сонымен қатар А. Райымқұлова «Қазақ хандығына 550 жыл» деректі жобасының «Дешті-қыпшақ. Құпия жазбалар» атты 2 бөлімі бөлімінің тұсаукесері Астанада ұйымдастырылып, көрсетілімі АҚШ-та табысты өткендігі туралы мәлім етті. Көпбөлімді жобаның әр сериясының ұзақтығы 26 мин құрайды.

«Бүгінгі таңда барлық бөлімдері бойынша жинақталған ғылыми материалдар негізінде барлық бөлімдердің түсірілім жұмыстары аяқталған, монтаждау-әрлеу кезеңі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жобаның толық аяқталу мерзімі 10 желтоқсанға жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта аталған сериалды эфирге шығару бойынша «Қазақстан» және «Еуразия 1» телеарналарымен келісім жасалды», — деп хабарлады Министрлік өкілі.

«Қазақ елі" көпбөлімді фильмнің идеялық дем берушісі - Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Фильмінің сценарийін танымал сценарийші Смағұл Елубай Тимур Жақсылоқов және Рүстем Әбдірашовпен бірлесіп жазды», — деп жұмыс атауы «Қазақ Елі" көркем фильмінің түсірілімі туралы продюсер Арман Әсенов баяндады.

Сонымен қатар, А. Әсеновтың хабарлауынша, қазіргі уақытта түсірілім Алматы облысындағы Ұйғыр ауданының Шошанай ауылы маңында жүргізіліп жатыр. Керей және Жәнібектің көшіп кету сахнасын түсіру жұмыстарына БАҚ өкілдері де шақырылған.

«Түсіру алаңында бір-бірімен тату үлкен ұжым жұмыс жасап жатыр. Барлығымыздың ұлтымыз, дініміз, көзқарасымыз әртүрлі, дегенмен бәрімізді Отанымыз бен киноөнерге сүйіспеншілік біріктіреді", — деді.

Сонымен қатар САҚ" киностудиясы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ елі" атты хронометражы 1 сағаттық толықметрлі анимациялық фильмін (режиссері Батырхан Дәуренбеков, көркемдік кеңесшісі Дулат Исабеков, продюсері Сәбит Әбдіқалықов, сценарийі авторы Сағаділдә Үсіпәлиев) өндіріске жіберілді. Жобаны 16 желтоқсанға дейін толығымен бітіріп, фильмді 2016 жылдың қаңтар айында жалпы қазақстандық прокатқа шығару жоспарлануда.

по материалам: mks.gov.kz