Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының Бас директоры А.Хазбулатовтың Астана қаласында Америка Құрама Штаттарының елшілігіндегі кездесуі

17.11.2015 10:32 1595

 

2015 жылдың 12 қарашасында Астана қаласында Америка Құрама Штаттарының елшілігінде IVLP тәжірибе алмасу бағдарламасы аясындағы АҚШ-тағы кездесудің қорытындысын шығаруға байланысты кездесу өткізілді. Аталмыш шараға ҚР Ұлттық музейінің қызметкерлерімен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының Бас директоры Андрей Хазбулатов қатысып, баяндамасын оқыды.

Өз сөзінде Андрей Хазбулатов АҚШ елшісіне Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының мәдени мұрасын сақтау бойынша мәдени алмасу жұмыстары шеңберіндегі Америка Құрама Штаттарына Қазақстан делегациясының барған сапары үшін алғысын білдіріп, алдағы ортақ қызметтеріндегі кездесулердің мақсаттары мен жоспарларға тоқталып өтті.

Сапар уақытында делегация Вашингтон, Нью-Йорк қалаларына, сонымен қатар, Нью-Мексико штатының Альбукерке қаласындағы Петроглиф ұлттық монументіне барды. Іскери кездесулер соңында Вашингтон мен Нью-Йорк қалаларында Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойына арналған «Қазақ хандығына 550 жыл» атты деректі фильмнің таныстыру рәсімі өткізілді. Фильм америкалық аудитория арасында үлкен қызығушылық тудырды, бұл – халықаралық аренада Қазақстанның мәдени имиджін нығайтуға септігін тигізгені сөзсіз. Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды орнатуға бағытталған шаралар алдында кездесу қатысушылары алдағы ортақ жұмыс кезеңіне жоспар құрды.

Андрей Хазбулатов Елшілікке «Дмитрий Багаевтің бірегей фото- топтамасын» сақтау жобасына қолдау көрсетуді, сондай-ақ, «Discovery» форматында бірлескен фильм түсіруді ұсынды. Бұл Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты әрі қарай нығайтудың, мәдени мұраны сақтаудағы ортақ істің және тәжірибе алмасудың нәтижелі жалғасы боларына күмән жоқ. Өз сөзін қорытындылай келе, Андрей Хазбулатов институттың мәдениет саласында әрі қарайғы жемісті ынтымақтастыққа дайын екендігін ескеріп өтті.