БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

26.11.2015 11:18 1884

 

 

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты

Астана қ. Тәуелсіздік даңғылы 54 («ҚР Ұлттық Музейі ғимараты), 6 блок

Бас директордың қабылдау телефоны : 8 7172 919-035 (ішкі.602)

Электронды адресі: kaz.madeniet@gmail.com

сайт: www.cultural.kz

 

 

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Күніне арнап 2015 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы алаңында «ОҚЫРМАН ҚАУЫМ – ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ» атты Халықаралық Оқу Конгресін өткізеді.

Конгресс Халықаралық кітапханалар ассоциациясы мен мекемелер федерациясының (ИФЛА) және Еуразия Кітапханалар ассоциациясы (ЕКА) және ЮНЕСКО-ның қолдауымен өтеді.

Форум 10.00-де басталады. Оқу Конгресінің ашылуында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сөз сөйлейді.

Конгрестің мақсаты – болашақ буынның шығармашылық және әлеуметтік белсенділігін арттыру, ұлттың интеллектуалдық әлеуетін көтеру құралы, мәдениеттің маңызды элементі ретіндегі оқуға жан-жақты қолдау көрсету, ұлттың интеллектуалдық және рухани деңгейін көтеруге қажетті құрал іспетті оқуға халықты тарту.  

Іс-шараға отандық және шетелдік белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ақындар, жазушылар, меценаттар, мәдениеттанушылар, баспагерлер, журналистер, мемлекеттік ұйымдардың жауапты қызметкерлері мен жетекшілері, мәдениет, білім және ғылым салаларының өкілдері мен кітапханашылар қатысады.

Конгресске "Московская городская организация Союза писателей России" Аймақтық қоғамдық ұйымының төрағасы, Ресей Жазушылар Одағы Басқармасының хатшысы, ақын, қоғам қайраткері, аудармашы Владимир Георгиевич Бояринов, Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы, депутат, аудармашы Акбар Мәжитұлы, Мимар Синан университетінің (Түркия) профессоры, ғалым Әбдіуақап Қара, ақын, аудармашы Қырғызстан жас қаламгерлері Одағының төрағасы  Нурлан Калыбеков, Б. Н. Ельцин атындағы Президент кітапханасы ақпараттық ресурстарды құру және өңдеу бөлімінің библиографы Яна Эдесовна Рыженкова (Ресей, Санкт-Петербург), Бируни атындағы Шығыс қолжазбаларын реставрациялау және консервациялау бөлімінің жетекшісі (Ташкент, Өзбекстан) Шухратилло Пулатов қатысады 

Конгресске қатысушылар мен қонақтарды мазмұнды және танымдық бағдарлама ұсынылады.

27 қараша, сағ. 9.00-10.00 2 қабаттың холлында

Журналистерге арналған брифинг.

27 қараша, сағ. 10.00-10.30 2 қабаттың холлында

Оқу Конгрессінің салтанатты түрде ашылуы.

27 қараша, сағ. 10.30-11.45 

Секциялық отырыстар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасы):

  • Секция 1. Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Күніне орай. Диалогтық алаң: «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» (ҚР Парламент пен Сенат депутаттары, белгілі саясаттанушылар және қоғам қайраткерлерімен бірге ҚР Президенті жайлы фильмдер мен бейнероликтердің көрсетілімі болады) (Конституция залы):
  • Секция 2. «Мәңгілік Ел Ұлттық идеясы» оқу мен ақпараттық байланыстарды дамыту контекстінде»
  • Секция – А. А.Н. Гаркавец «Кодекс Куманикус» құман (ескі қыпшақ) тілінің ескерткіші ретінде. Б. Қайырбековтың «Дешті-Қыпшақ» фильмінің тұсаукесері (академик «М. Жолдасбековтың Мемориялдық коллекция залы»);
  • Секция – Б. ҚР еңбек сіңірген Қайраткері, жазушы-драматур, «Жәңгір хан» спектаклінің авторы Р.К. Отарбаевпен кездесу («Мәжіліс»залы);
  • Секция «Балалар және кітап – бүкіл әлемдік мүдде». Қазақстан жазушылар Одағы ұйымдастырған «Дарабоз-2015» Х мерейтойлық жас балалар конкурсының жеңімпаздарымен кездесу («Мәжіліс»залы);
  • Секция. «Әдебиет шексіз»  шығармашылық алаңы (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаттарымен кездесу) (ортақ оқырман залы, 420 каб);
  • Курбангали Халидидің Тауарих-и хамса-ий шарки» атты кітабының қазақ тіліне аударылған нұсқасының тұсаукесері («Абай» залы);
  • Кітапханалық полилог (Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы қызметкерлерінің Кейптаун қаласындағы (ОАР) ИФЛА-2015 конференциясына қатысқан іссапарының қорытындысы бойынша кездесу: консультативтік кеңес, сұрақ-жауаптар) (3 қабаттың холлы).
  • «Қазақстан халықтарының әдебиеті және ұлттық ұқсастықтар» Диалогтық алаңы. Калашникова Н – ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры. (Қазақстан халқы Ассамблеясы залы).

27қараша, сағ. 10.30-12.30.

  • «Жүз жылдан кейінгі көзқарас: шағатай, араб, парсы және өзге де тілдер бойынша сирек кездесетін және құнды басылымдарды сақтау мен қолдану» Кітаптарды реставрациялау бойынша (Қазақстан мен Өзбекстан реставраторларының қатысуымен) шеберлік-класстар атты оқыту семинары. (каб. 418 мерзімді басылымдар залында).
  • «Элар» компаниясының «Цифрландыру және кітапхана қорын қайта қалпына келтіру саласындағы қазіргі заманғы шешімдер» атты оқыту семинары (каб. 418 мерзімді басылымдар залы).

27 қараша, сағ.11.00-12.00.  

«Қазақстан халықтарының әдебиеті және ұлттық ұқсастықтар» атты диалогтық алаңы (Қазақстан халқы Ассамблеясы залы).

  • «English for all» тіл үйрену клубы ұйымдастыруымен өтетін мүмкіндігі шектеулі оқырмандардың сұхбат алаңы, Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы. «2015 жыл кітабы – І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы (мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған зал).

27 қараша, сағ.14.00.

Пленарлық отырыс және Конгресстің жабылуы.

«Оқырман қауым – Ұлы Дала Елінің болашағы» тақырыбында жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры Ә. А.Асқаров баяндама оқиды («Конституция» залы).

Мәжіліс соңында келесі байқаулардың қорытындысы жарияланады:

  • І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясына арналған «Үздік әдеби-поэтикалық шығарма»,
  • І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясына үздік иллюстрация»,
  • «Оқу – бұл сәнді!» фотосуреттер байқауы.

Оқу Конгресін ұйымдастырушылар, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, шетелдік қонақтар шақырылған Форум қызықты пікірталас алаңына айналады деп сенеді, бұл басқосуда кітапты, оқуға насихаттау, оқуға тарту ісіндегі өзекті мәселелер талқыланатын болады. 

Конгресс қорытындысы бойынша қарар қабылданады.

Сындарлы сұхбат процесстерінде туындаған ұсыныстар ұлтымыздың зияткерлік деңгейін көтеретін маңызды мәдени компонент ретіндегі оқуды дамытуға жаңа импульс әкеледі деген үміттеміз.