Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының жетекші ғылыми қызметкері И.В. Ерофееваның Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған «Түрік елінен Қазақ хандығына дейін» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуы жайлы.

18.11.2015 15:50 1520

 

 

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының жетекші ғылыми қызметкері Ирина Викторовна Ерофеева «Түрік елінен Қазақ хандығына дейін» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Конференция М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка елдерінің институтында Қазақ хандығының 550-жылдығына орай Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен өтті.

Ғылыми форумға әр елден ондаған жетекші тарихшылар, филологтар мен шығыстанушылар қатысты. Ғалымдар руна жазуларының зерттелуінен бастап Жаңа Жібек жолының қалыптасуына дейінгі аралықтағы тақырыптарды талқылады. Ирина Викторовна Ерофеева конференцияда «XVIII ғ. 30-50-ші жылдар аралығындағы Қазақ билеушілерінің жазба мұрасындағы «бодандық» түсінігі» деген тақырыпта баяндама жасады.

Қазақстанға оралғаннан кейін Ирина Викторовна Ерофеева өткен    конференциядан алған әсерлерімен бөлісті. Кездесу барысында институттың бас директоры А.Р. Хазбулатов Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлының атынан И.В. Ерофееваға Қазақ хандығын зерттеудегі қосқан үлесі үшін алғыс хат пен мерейтойлық медальді табыстады.