Қазақ документалистикасының шебері, ақын, аудармашы Бақыт Қайырбековтың «Дешті Қыпшақ: Құпия белгілер» атты кітабының тұсаукесері

27.11.2015 08:20 1763

Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті Күніне арналған «ОҚЫРМАН ҚАУЫМ – ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ» Халықаралық Оқу Конгрессі аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында 2015 жылдың 27 қарашасында қазақ документалистикасының шебері, ақын, аудармашы Бақыт Қайырбековтың «Дешті Қыпшақ: Құпия белгілер» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Бірегей қыпшақ жазулары ескерткіштері туралы фильм Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша дайындалды. Фильмді түсіру идеясы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен ежелгі түркі мәдениетінің "CodexCumanicus" ескеркішін қайта қалпына келтіру барысында туындаған болатын. Ежелгі қыпшақ жазуы ескерткіштері жайлы құжаттамалық деректер Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры, философия докторы А.Р. Хазбулатовтың тарапынан ұсынылды. Конгресске қатысушылар фильмді үлкен қызығушылықпен қарсы алды.

Аудитория Бақыт Қайырбеков бастаған шығармашылық ұжымның жұмысын жоғары бағалады. Фильмді түсіруге келесі мамандар ат салысты: Фильмнің тең режиссері – Алексей Каменский. Операторлары: Анатолий Валуйский, Ренат Бесбаев. Композиторы: – Артур Оренбургский. Дайындаған: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» кино студиясы және «ГАФУ» студиясы, 2015. Фильм үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі.