Бүгін Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице- министрі Ғалым Ахмедьяровтың төрағалығымен Қазақстан Республикасында салынып жатқан монументтер мен ескерткіштер бойынша Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы болды

04.12.2015 13:02 1803

 

Бүгін Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице- министрі Ғалым Ахмедьяровтың төрағалығымен Қазақстан Республикасында салынып жатқан монументтер мен ескерткіштер бойынша Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы болды. Монументтер мен ескерткіштер бойынша Мемлекеттік комиссияның жұмысына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице- министрі - Ахмедьяров Ғалым Алғиұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты – Оразалин Нұрлан Мырқасымұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты – Ахмадиев Мурат Абдиримұлы, Қазақстан Республикасы архитекторлар Одағының төрағасы – Мансұров Мұрат Амангелдіұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, өнертанушы – Абаев Хасен Сейілханұлы, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры, ғылым, мәдениет ұйымдарының өкілі, философия докторы (PhD) – Хазбулатов Андрей Равильевич, Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының мүшесі, мүсінші – Досжанов Болат Сапарұлы және ғылым, мәдениет ұйымдарының өкілі – Қарымсақов Арнұр Жасабекұлы қатысты.

Комиссияның шешімі бойынша, Астана мен Алматы қалаларының әкімдігі ұсынған жобалар мақұлданды. Олар: Астана қаласындағы Рақымжан Қошқарбаев атындағы көше мен Момышұлы көшесінің қиылысынадағы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткіші, Алматы қаласындағы Төле би мен Қалдаяқов көшесі қиылысындағы Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония ғимаратының алдындағы Сүйінбай Аронұлының мүсіні, Меңдіқұлов атындағы көше мен Әл-Фараби даңғылының қиылысына белгілі архитектор Малбағар Меңдіқұловтың мүсіні және Францияның Ренн қаласындағы Абай Құнанбаевтың мүсіні.

Сонымен қатар, облыстардан түскен жобалар да комиссия тарапынан қолдау тапты. Павлодар қаласындағы Малайсары батырдың ескерткіші, Қостанай қаласындағы ҚР ішкі істер Министрлігі академиясы саябағына генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаевтың мүсіні, Орал қаласындағы (БҚО) әскери-техникалық мектеп территориясына Кеңес Одағы мен Ресейдің батыры Николай (Қайыркелді) Майдановтың мүсіні және Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы 12 Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің мүсіндерінің құрылыстары жобалары мақұлданды