Пол Тэйлор: «Смитсон институты Қазақстанмен бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық танытуда»

10.12.2015 09:16 1587

 

Смитсон институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) антропология Департаментінің директоры Пол М. Тэйлор мен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов Тамғалы шатқалына барды. Жұмыс сапарының басты нәтижесі болып қазақстандық бірегей Тамғалы ландшафтының мәлімдемесінің Ғаламдық экология қорына (GEF) енуі жайлы болмақ. Пол М. Тэйлор Тамғалы ландшафтының биоалуантүрлілігін зерттеу үшін Қазақстанға арнайы келді. Атақты антрополог ҒЭҚ жобасына халықаралық серіктестік ретінде қатысуға дайын. Өзінің сапары барысында азия мәдениетін зерттеу бойынша жетекші антрополог тарихи-мәдени мұраны зерттеу және сақтау бойынша біріккен қазақстандық-американдық жобаларға Смитсон институтының қызығушылық танытып отырғанын тілге тиек етті.

Ертеректе Пол Тэйлор Әзірбайжандағы Гобустан археологиялық ландшафтын зерттеу бойынша масштабты зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Тэйлор бастаған антропология Департаментінің бастамасымен жүргізген бағдарламаларға орай, ғалымдар жартас көркем өнерін зерттеу мен сақтау негізінде түрлі техникаларды қолдану арқылы зор жұмыстар іске асырылды, яғни, 3D тұрғысында модельдеу, цифрлы жөндеу, суреттерді мұрағаттау және т.б. «Қазіргі уақытта Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Ғаламдық экология қорының конкурсына жобалық мәлімдемені беру бойынша жұмыс жасап жатыр. «Биоалуантүрлілікті сақтау» бағыты бойынша біз Алматы облысындағы Тамғалы шатқалын ұсынатын боламыз- деп атап өтті ҚР МСМ ҚазҒЗМИ-дің бас директоры Андрей Хазбулатов.

Бұл жұмысты біздің институт Қазақстан Республикасының мәдени саясат Тұжырымдамасы және 2020 жылға дейінгі туристік саланы дамыту Тұжырымдамасы аясында іске асыратын болады. Андрей Хазбулатов айтқандай, ағымдағы жылдың маусым айында Вашингтон қаласында (АҚШ) ҒЭҚ-ның өкілдері Питер Лаллас пен Патрисия Коккамен кездесу барысында аталмыш жобаның жағдайы талқыланған. Бірегей Тамғалы шатқалы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұрасы Тізіміне енген. Алайда, отандық сарапшылардың пікірінше, Тамғалы ландшафтында, Қызыл кітапқа енгізілген реликті эндемикалық өсімдіктер және сирек жануарлардың өте бай флорасы мен фаунасы бар.Тамғалы шатқалы – жартас көркемөнерінің ежелгі және жарқын ескерткіштері саналады. Онда бес мыңнан астам әртүрлі петроглифтер бар. Оларды зерттеу және дәріптеу арқылы ішкі және сыртқы мәдени туризмді дамытуға болатынын еске саламыз.