Пресс-релиз

11.12.2015 18:40 1817
                                          

Казахский научно-исследовательский институт культуры

г. Астана, проспект Тауелсиздик, 54 (здание «Национального Музея РК»),6 блок,

Телефон: 8 7172 919-035 (вн.602)

E-mail: kaz.madeniet@gmail.com

Веб - сайт: www.cultural.kz

 

 

 

Бүгін Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасы мен Мәскеу мемлекеттік облыстық университетінің студенттері арасында студенттер жұмысының халықаралық көрмесі болып өтті. Аталмыш іс-шара Тәуелсіздік Күніне және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Дизайн» кафедрасынына 15 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Халықаралық көрменің ашылуында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілі, «КазННИСА» АҚ Бас директорының кеңесшісі Дембай Салауат Махамбетұлы мен Қаз ҒЗМИ бас директорының орынбасары Төлеш Арлен Сұлтанұлы сөз сөйледі. Қаз ҒЗМИ холлында осы заман мен дәстүр ұштасты. Көрермен өткен заманның өмірі жайлы бірегей мүмкіндікті көре алды.

Бұл жерде 70-тен астам экспонаттар жиналды. Осының барлығы заманауи таңғажайып түстер мен техниканың әртүрлілігін көрсетеді. Экспозицияда портреттер, пейзаждар, натюрморттар, киік жабағысынан жасалған бұйымдар, мүсіндер, құрақ кесте, әшекейлі витраж және т.б. ұсынылды. Қойылған экспонаттардың өздерінің ерекшелігімен, дизайн деңгейінің жоғарылығымен, кәсіби тұрғыдан алғанда бұйымдардың шын жүректен жасалғандығын көрсетті. Жұмыстардың авторлары 140-тан астам жас суретшілер , яғни студенттер, магистранттар, мәдениет мекемелерінің тәрбиеленушілері болып табылады. Айта кетуі керек, соңғы уақыттары киізден жасалған бұйымдар бүкіл әлемде үлкен сұранысқа ие болуда.

Қолданбалы өнердің бұл түрі өз тамырын сонау ерте заманнан бастау алады. Киіз кең декоративті мүмкіндіктерге ие, ол тек жазық композицияға ғана емес, сонымен қатар үлкен формада тәжірибе жасауға мүмкіндік береді. Әр зат, әр бұйым терең мәнге ие. Біреулер киіз арқылы өздерінің философиялық көзқарастарын білдірсе, басқалары өсімдік сарындарын білдіреді. Көптеген заманауи суретшілер дәстүрлі құндылықтарды сақтай отырып, ғасырлар бойы келе жатқан қазақ халқының төл мәдениетіне көп көңіл бөлуде.