Қазақстан мәдениет министрлігі және «SUPERB FILMS» британиялық кинокомпаниясы мәдениет және киноөнер саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге келді

08.02.2016 10:29 1511

  

8 ақпан, 2015. Астана. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, «SUPERB FILMS CORPORATION LIMITED» кинокомпаниясы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігі)  және Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты кинематограф, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар келісімге қол қойды.

ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, «SUPERB FILMS CORPORATION LIMITED» (Ұлыбритания) компаниясының басшысы Кент Волвин ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және «SUPERB FILMS» компаниясы аралығындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды.

Құжаттарға қол қою кезінде тараптар мәдени байланыстар мемлекеттеріміз арасындағы тығыз өзара түсіністік және мәдени алмасудың маңызды арнасыболып табылатындығына бірауыздан келісті.

«Біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін мәдениет, өнер және киноөндірістің маңыздылығын түсінеміз. Тең және өзара тиімді әріптестікке дайындық білдіре отырып, біз Қазақстан Республикасы және Ұлыбритания арасындағы мәдени ынтымақтастықты көтермелеп, қолдаймыз», - деді А. Мұхамедиұлы.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында мюзиклдер және жұмыс атауы «Шыңғысхан және Иерусалим серілері» көркем кинофильмін түсіруді ұйымдастыру саласындағы 2016-2017 жж. арналған келісімдерге қол қойылды. Сонымен қатар конфессияаралық сұхбатты күшейту шеңберінде Иса Пайғамбардың  «белгісіз жылдары» туралы көркем және деректі фильмдер түсіру жоспарланған.

Қазақстандық ведомстваның басшысы және британдық кинокомпанияның жетекшісі қазақстандық фильмдердің ел ішінде және шет елдерде тарату мен көрсету мәселелеріне де тоқталып кетті.

Өз тарапынан көрсетілімге шыққан 100-ден аса фильмді түсірген британдық кинопродюсер Кент Волвин қазақстандық кинематографқа ұзақ уақыт бойы қызығушылық білдіріп жатқандығын айтты. Британдық продюсердің жуық арадағы жоcпарларына Қазақстанда тарихи және көркем фильмдерді түсіру кіреді.

«Түсіруге ниет білдіріп жатқан фильмдердің бірі – жас Шыңғысхан туралы тарихи сипаттағы көркем фильм. Фильмде жас Шыңғысхан – Темучин Батыс Еуропаның крес жорығына қатысушы серілерімен кездеседі және бұл кездесу болжам бойынша қазіргі Қазақстан аумағында орын алған болатын», - деп Кент Волвин шығармашылық жоспарларымен бөлісті.

по материалам: mks.gov.kz