Қазақстанда Алматы қаласының 1000-жылдық мерейтойына орай ЮНЕСКО халықаралық фестиваль басталды

08.02.2016 10:30 1378

 

8 ақпан, 2016. Астана. Қазақстанда Алматы қаласының 1000-жылдық мерейтойына орай  ЮНЕСКО қамқорлығындағы «Балалар әлемді бейнелейді. Азия» халықаралық фестивалі басталды.

Байқаудың ұйымдастырушылары Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының айтуы бойынша, осы жылы дәстүрлі Орталық Азиялық жоба өзінің ауқымын Азия-Тынық мұхиты аймағына дейін кеңейтті.

Жобаға 7000-нан астам жас суретшілер қатысады деп күтіледі, ал 2016 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласында Фестивальдің финалы өтеді. Оған Бангладеш, Вьетнам, Жапония, Корея, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Непал,Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Тайланд, Түрікменстан, Үндістан, және т.б елдерден Фестивальдің 200-ден аса жеңімпаздар қатысады.

Жобаның негізгі мақсаты шығармашылық-дарынды балалар мен жастарды қолдау,  мәдениетаралық диалог пен өзара түсіністікті дамыту, сонымен қатар аймақ елдері өскелең ұрпағы арасындағы достық байланыстарды нығайту болып табылады.

Іс-шара бағдарламасынабейнелеу өнері  мен  сәндік-қолданбалы өнер саласындағы шеберлер өткізетін әртүрлі интерактивті тренингтар мен шеберлік-сыныптар кіреді. ЮНЕСКО-ның атаулы күні - Алматы қаласының 1000-жылдығын мерекелеуге байланысты «Балалар әлемді бейнелейді. Азия» балалар шығармашылығының арнайы суретжинағының шығуы мен салтанатты презентациясы жобаның финалында өтеді.

Жоба ұйымдастырушылары балаларды суреттерін беруде тақырыбы мен өлшеміне шектеу қоймайды және 3 жастан 17 жас аралағындағы кез-келген бала қатыса алады.Өтініштер 2016 жылдың 1-сәуіріне дейін Ұйымдастырушылық Комитетінде қабылданады(ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Секретариаты, Алматы қ., Абай даңғылы 159).Байқау қазылары Азия елдерінің басқа да балаларымен бірге Фестиваль финалына шақырылатын, Астана мен Алматы қалалары және Қазақстанның 14 облысынан 5 жеңімпазды анықтайды.

Жобаға қатысу толық түрде тегін негізде жүзеге асады. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар Алматы қаласында өтетін соңғы бөліміне келген жеңімпаз-балалардың барлық шығындарын өтейді.

Фестивальді қолдағандар: ҚР-ның Тұңғыш Президенті-Елбасының Қоры, Алматы қаласының Әкімдігі, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша ҚР-ның Ұлттық Комиссиясы, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы және ҚР Мәдениет және Спорт Министрлігі.

Толығырақ ақпарат www.kazfuca.kz сайтында немесе байланыс телефоны арқылы: 394-32-32

по материалам: mks.gov.kz