Қазақстанды Қытайда өтетін «Жібек жолы» I халықаралық мәдениет көрмесіне қатысуға шақырды

22.02.2016 17:51 1381

 

22 ақпан, 2015. Астана. Бүгін Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қытай өнер ҒЗИ директоры Лянь Цзидің басшылығымен Ганьсу (ҚХР) провинциясының ресми делегациясымен кездесті.

Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық жыл өткен сайын нығая түсуде. 2013 жылдың күз айларында Бейжің, Гонконг және Үрімші қалаларында ҚХР-дегі Қазақстанның мәдениет күндері кең ауқымда өтті. Бейжің қаласындағы өнер шеберлерінің гала-концертінде Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің әртістері, танымал опера әншілері, «Астана Балет» театрының хореографиялық ұжымы өнер көрсетті. «Чоян» бейжіңдік саябақта Абай Құнанбаевқа арналған ескерткіш ашылды. 2014 жылы ҚР Мәдениет министрлігі мен CNPC (ҚХР) Қазақ ұлттық хореография академиясының жобасы мен құрылысы туралы меморандумға қол қойды.  2014 жылдың қазан айында Бейжің қаласының «Maizidian» мәдениет орталығында «Чаоян» аумағының мәдени дамуы» бағдарламасы аясында Қазақстанның мәдениеті күндері өтті. 

«Жиырма жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынас нығаю жолымен дамып келеді.  Қазақстан мен Қытай екіжақты және көпвекторлы форматта өзара тиімді бастама ұстанатын сенімді серіктестерге айналды. Былтырғы жыл жоғарғы деңгейлердегі кездесулерге толы болғандықтан, екіжақты қатынастар стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне көтерілді. Ынтымақтастығымыздың негізі жоғары сенім мен өзара түсіністік болып табылады» - деп атап өтті А. Мұхамедиұлы.    

Жан-жақты талқылаулар мен пікір алмасулардан кейін қытайлық өнер ҒЗИ директоры Лянь Цзи қазақстандық ведомства басшысын 2016 жылдың қырүйек айында Дуньхуан қаласында өтетін «Жібек жолы» халықаралық мәдениет көрмесіне қатысуға шақырды.

Есетіңізге сала кетсек, Ганьсу провинциясының Халықтық Үкіметінің бастамасы бойынша 2016 жылдың 20-21 қыркүйегінде Дуньхуан қаласында «Жібек жолы» I-халықаралық мәдениет көрмесі өтеді. Іс-шара ҚХР орталық аппараты, Мәдениет Министрлігінің қолдауымен өтпекші. Көрме Ұлы Жібек Жолының белдеуінде жатқан мемлекеттер мен аймақтар арасындағы мәдени алмасу мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Ұйымдастырушылар 2013 жылы ҚХР басшысы Си Цзиньпин ұсынған «Бір белдеу – бір жол» бастамасына қатысатын елдердің мәдениет, ақпарат және туризм министрлерін, дипломатиялық корпус, халықаралық ұйым басшылары мен бизнес-құрылым өкілдерін шақырып отыр.

по материалам: mks.gov.kz