Ыстамбұл қаласында Жүсіп Баласағұни жылының салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті

22.02.2016 17:55 1549

 

2016 жылдың 19 ақпанында Ыстамбұл қаласында Жүсіп Баласағұни жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Естеріңізге сала кетсек, «Түркі дүниесінің мәдени бас қаласы – Мары» Жылының аясында Түркіменстанның Мары қаласында Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының ұйымдастыруымен түркітілдес елдері Мәдениет министрлерінен құралатын ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 33-ші отырысында 2016 жыл – түркі әлеміне атақты ойшыл «Жүсіп Баласағұни Жылы» болып бекітілген болатын. Ашылу салтанатына Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрі А.Мақсұтов, Түркия мәдениет және туризм министрінің орынбасары Хусеин Яайман, Түркиядағы Қырғыз Республикасының елшісі Ибрагим Жунусов, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Д.Қасейінов, Эскишехир қаласының губернаторы Гюнгер Азим Туна, Қырғызстан мен Түркия елдерінің мәдениет және өнер қайраткерлері, ақын-жазушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

по материалам: mks.gov.kz