Шымкентте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне арналған ел біріншілігі өтеді

01.03.2016 17:37 509

 

2016 жылғы 02-07 наурыз аралығында Шымкент қаласы «Элдорадо» спорттық кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Стенд атудан Қазақстан Республикасы Кубогының I-ші Кезеңі өтеді.

Бүгінгі жарысқа Астана, Алматы қалаларымен қатар Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан 80-ге тарта спортшы қатысуда.

Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында Стенд ату спортын танымал ету, спортшылардың спорттық шеберлігін шыңдау мен спортшылардың рейтингін анықтау, оларды алдағы республикалық және халықаралық жарыстарға дайындау болып табылады.

Бұл жарыста 17-ші Азия ойындарының чемпиондары мен жулдегерлері Давыдова Анастасия, Дмитриенко Мария, Середа Оксана және Могилевский Андрей өз шеберліктерін көрсететін болады.

Кубоктың салтанатты ашылу рәсімі 4 наурыз сағат 12-30-да Шымкент қаласы бұрынғы Комсомол көлі маңындағы «Эльдорадо» спорттық кешенінде өтеді.

Жарысты ұйымдастырушылар ОҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитетінің «Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК, Облыстық ату және ұқсас спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі, «Спорттық ату түрлерінен Қазақстан Федерациясы» ҚБ.

по материалам: mks.gov.kz