Астанада «Анаға апарар жол» тарихи драмасының алдын ала көрсетілімі өтті

02.03.2016 09:51 509

  

2 наурыз, 2016. Астана. Кеше Елорданың «Керуен» СҮ Kinopark кинотеатрында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген «Анаға апарар жол» тарихи драмасының алдын ала көрсетілімі өтті. Шараға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Режиссер А.Сатаевтың картинасының сюжеттік желісіне фильм кейіпкерінің басына түскен сынақтардан өтуіне көмектесетін ана махаббатының күші туралы оқиға өзек болған.

Фильм 1930 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Негізгі оқиғалар қазақ халқы үшін қиын кезеңде - ұжымдастыру, жұт, соғыс жылдары және одан кейінгі кезеңде өрбиді.

Тарихи драма Қазақстанда, Беларусьте және Әзірбайжанда түсірілген. Жалпы, картина түсіріліміне 2 мыңнан астам адам қатысқан.

по материалам: mks.gov.kz