Жоспарланған МЖӘ жобасы туралы қызығушылықты білдіретін сұрау салу (жаңарту)

10.03.2016 10:33 634

 

МЖӘ жобасының атауы - «Құжаттардың бірыңғай электрондық мұрағаты» ақпараттық жүйесін құру.

 Уәкілетті тұлғаның байланыс деректері – Кабарова К., Архив ісі және құжаттама департаментінің бас сарапшысы, 740958.

МЖӘ жобасының негізгі параметрлері және талаптары -  Жоба электрондық құжаттардың қозғалыс циклін аяқтауды, оның ішінде қолданыстағы ақпараттық жүйелерден (ЭҚАБЖ, МОИП, Е-лицензиялау және т.б.) мемлекеттік сақтауға беру және мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттардың негізгі функцияларын автоматтандыруды қамтамасыз ететін шешімдердің кешенін жасауды көздейді. Бұл Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны және оны толықтыру көздері туралы деректер жиынын (каталогы) (17 млн. сақтау бірлігі) толық автоматтандыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар, мемлекеттік мұрағаттармен қызмет көрсетуді едәуір жеңілдетеді және мерзімдерін қысқартады.

 Ұсыныстарды берудің түпкілікті мерзімдері – 2016 жылғы 1 мамыр.

по материалам: mks.gov.kz