Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне 2016 ж 5 мамыр күні Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтында «Мәңгілік аспан астында» атты ғылыми-көпшілік фильмі көрсетілді

05.05.2016 11:41 1547

 

Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 71 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар дайындау және өткізуіне байланысты 2016 ж 5 мамыр күні Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтында «Мәңгілік аспан астында» атты ғылыми-көпшілік фильмі көрсетілді.

Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі және Қазақстан Республикасының «Астана» Ұлттық сурет галереясының қызметкерлері қонақ болды. Қазақ халқының тарихынан сыр шертетін бұл туындыны көрермен ыстық ықыласпен қабылдап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.