"Қазақфильм" киностудиясында кинематографияны дамыту тұжырымдамасының жобасын талқылау өтті

27.07.2016 10:27 1772

 

26 шілде 2016 ж.  Алматы қаласы «Қазақфильм» киностудиясында  кинематографияны дамыту тұжырымдамасының жобасын кезекті талқылауы өтті.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт Министірлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ұйымдастырған дөңгелек үстел жұмысына Сатыбалды Нарымбетов, Смағұл Елубаев, Бауыржан Шөкенов, Ахат Ібраев, Рашид Нұғманов, Эльмира Гильман, Зайтуна Джандосова, Темірлан Төлегенов және басқада киноиндустрия өкілдері қатысты. 

Әңгіме барысында арнайы экономикалық аймақ құру және кинематографияны дамыту тұжырымдамасының жобасы бойынша сұрақтар егжей-тегжейлі қарастырылды.

Жұмыс тобының отырысын қызметінің нәтижелері бойынша және талқылау нәтижесінде дөңгелек үстелге қатысушылар ұлттық киноны қолдау Қорын құруды болдырмау туралы шешім қабылдады және жоба тұжырымдамасы әзірлеушілерге қолдау білдірді.

Қор атқаруы тиіс қызметті ұйымның дәрежесі мен өнімділігін арттыру және бәсекелестікке ыңғайлы алаң құру мақсатында Қазақфильмге жүктеу жоспарланған. Себебі Қазақфильм отандық кино түсірілім тарихында ерекше орны бар, мемлекет бойынша ең үздік кино түсіруге арналаған өндірістік қорға ие болуымен қатар, жоғары білікті мамандар мен әртүрлі саладағы өнер қызметкерлер штабына ие екендігі баршамызға мәлім.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 27 қаңтар 2012 жылы  Үкімет мүшелерінің, әкімдердің, орталық мемлекеттік  органдардың, «Нұр Отан» ҰДП және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қорының басшыларының қатысумен өткен кеңейтілген отырыста мемлекетті кәсіпорындардың саңын түбегейлі қысқарту керек екендігін ескерткенін атап өту қажет.

Бұдан басқа, 19 тамыз 2015 жылы өткен экономикалык саясаттың жүйелік өлшемдері бойынша кенесте  Мемлекет басшысы «...түрлі бастамаларға 2018 жылға дейін мораторий қойған жөн»- деп ескерткен еді.

Қазіргі таңда жұмыс тобы  келіп түскен ұсыныстарды қарастыру және Тұжырымдама мен Заңды әзірлеу бойынша  қызметін атқаруды жалғастыруда.

Әрбір қалаған кісі Тұжырамдама мен «Кино туралы» Заң жобалары бойынша өзінің ұсыныстары мен түзеулерін  kaz.madeniet@gmail.com электрондық адресіне жібере алатындығын хабарлаймыз.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт Министірлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының баспасөз қызметі