Мұражай мен театр қызметкерлері шетелде тағылымдамадан өтті

Мұражай мен театр қызметкерлері шетелде тағылымдамадан өтті

04.08.2016 17:08 798

 

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты мәдениет және спорт саласында кадрларды қайта даярлау және біліктілікті  арттыруды жүзеге асырды.

2015 жылы қыркүйек-қараша айлары аралығында Санкт-Петербург қаласы, Ресей Федерациясы мәдениет Министрлігінің Ресей этнографиялық музейінде, қолданбалы өнер мен гуманитарлық білім беру, дизайн Институтында, Ресей өнер тарихы институтында және Галац қаласы (Румыния) Нае Леонард атындағы Галац ән театрында «Мәдениет және спорт саласында кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру» бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігіне бағынысты барлық аймақтарынан он бір мәдениет мекемелерінің 18  қызметкері оқытудан өтті.

Оқыту бағдарламасы келесі бағыттарда өтті: костюмдік бутафория мен костюмдік аксессуарлар, Дж. Верди операда мастер-классі, этнографиялық материалдардан мұражай заттарын қалпына келтіру.

Осы жылы сәуір айы аралығында костюмдік аксессуарлар мен театрлық бутафория, жарық бойынша суретші бағыттардағы үш мәдениет мекемелерінің 4 қызметкерлері «Мәдениет және спорт саласында кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде білім алды.

Біліктілікті арттыру туралы сертификаттар жоғарыда аталған бағдарламалар бойынша барлық стажерларға берілген.

Аталмыш тағылымдамалар мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлеріне шетелдік әріптестермен байланыс орнату мен қосымша тәжірибені алу, арнайы дағдылары мен шеберліктерін жетілдіру, кәсіби деңгейлерін тереңдету және арттыру мүмкіндігін берді.

 

 

Әлеуметтік-мәдени коммуникация жүйесінде мұражай экспозициясы. Практикалық сабақ. Санкт-Петербург мемлекеттік мәдениет институты мәдени мұра және мұражай кафедраның оқытушы, Ю. Дементьева

 

Келушінің экспозицияны  қабылдау ерекшеліктері. Практикалық сабақ. "Гатчина" сарай-саябақ Мемлекеттік тарихи-көркем қорық-мұражайының ғылыми қызметкері,  Л. Г. Никитина

 

 «Этнографиялық материалдардан мұражай заттарының қалпына келтіру» тағылымдама бағдарламасына қатысушылар 

 

  «Трубадур»  Дж. Верди опера Леорнор партиясында Елена Низамутдинованың мастер классы және тағылымдамадан өту туралы сертификат