Әлемге танымал ресейлік мұражайлар ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне қатысады

15.08.2016 14:02 1653

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігі  ЭКСПО-2017 мәдени іс-шаралар бағдарламасының белсенді дайындығын бастады.

Арыстанбек Мұхамедиұлы министрдің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражай, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты, Мемлекеттік Эрмитаж және А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік  бейнелеу өнер мұражай  арасындағы келіссөздер басталды.

Мемлекеттік Эрмитаж және А.С.Пушкин атындағы МБӨМ –әлемдік мәдениет ескерткіштер мен миллиондаған өнер туындыларына ие, әлемге танымал ресейлік мұражайлық кешендер болып табылады.

Абай Сатубалдин, ҚР Ұлттық мұражай директорының орынбасары: «Әлемнің жетекші мұражайларымен  қызмет істеу біздің мұражаймыз үшін - үлкен құрмет. Бүгін біз Мемлекеттік Эрмитаж және А.С.Пушкин атындағы МБӨМ- мен ынтымақтастығымызды егжей-тегжейлі талқыладық. Көрме, ғылыми, білім беру қызметі бойынша нақты және өте қызықты ынтымақтастық бағдарламасы белгіленді. Алда тағы басқа да әлемдік мұражайлармен әріптестік үлкен жол бар. Шынанда, бізге Қазақстанға халықаралық көрмелерді әкелуге ғана емес, бірақ өзіміздің ұлттық өнерімізді әлемге көрсетуіміз керек. Басқа да елдердің үздік музей мамандары жағынан біздің өнерімізге бұл қызығушылықты көрдік».

Андрей Хазбулатов, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры: «Ресей мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстардың дамуы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықты стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінде ЭКСПО-2017 аясында ҚР мәдениет және спорт Министрлігімен кең көлемді мәдени іс-шаралар бағдарламасы әзірленді. Мемлекеттік Эрмитаж және А.С.Пушкин атындағы МБӨМ  әлемдік өнер орталықтары болып табылады, және ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінде осы мұражайлардың өнер туындыларын көрсету Қазақстан үшін үлкен құрмет».

Ольга Батурина,  Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры: «Белгілі болғандай, Қазақстанда алып уақиға болайын деп жатыр, бұл Халықаралық көрмені өткізу, оған 100-ден астам елдер мен 10 ірі халықаралық ұйымдар қатысады. Ұлттық мұражай 7 әлемнің ең маңызды мұражайлардың көрмелерін Эрмитаж, Лувр сияқты және басқа да өткізуді жоспарлайды. ЭКСПО қонақтар мен қатысушыларды біздің Ұлттық мұражайымызбен дайындаған тамаша тосынсыйлар күтуде. Қазіргі уақытта көрмелер қатысушыларының тақырып және географиялық ауқымы анықталған, сенсациялық жобалар бойныша келіссөздер өткізіледі! Бәрі сәтті өттеді деп үміттенеміз!»

Марина Девовна, А.С.Пушкин атындағы МБӨМ  директоры: «Біздің мұражайымыз - бұл біріншіден шетелдік өнер мұражайы. Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ЭКСПО-2017 қатысуға біз де мүдделіміз және көрменің негізі болатын коллекциялардың бірін беруге дайынбыз».

Георгий Вилинбахов, Мемлекеттік Эрмитаж директорының орынбасары: «Эрмитаж күндері - бұл ерекше бірегей оқиға, 2017 жылы қыркүйекте Халықаралық көрмесінің шеңберінде өткізуге болады.  Көрмеден бөлек, семинарлар, дәрістер, сондай-ақ ресейлік және қазақстандық мамандар қатысумен ғылыми конференцияларды өткізу ұсынамыз. Кейінірек, бірлескен күш-жігермен скиф-сақ өнерінің көрмесін ұйымдастыруды үміттенеміз».

Кездесулер барысында бірқатар маңызды мәселелер, аталмыш мұражайлардың Халықаралық көрмесінде қатысуы, сондай-ақ одан әрі ресейлік-қазақстандық қарым-қатынастардың мәдени саласында дамуы талқыланды.