«Жұлдыздар тоғысында» фильмі Ұлы Жібек Жолының кинофестивалінде көрсетілді.

23.09.2016 20:08 1621

 

Ағымдық жылдың 19 қыркүйегінен 23 қыркүйегіне дейінгі мерзім аралығында ежелгі төрт Қытай астанасының бірі,Шэньси аймағының Сиань қаласында Ұлы  Жібек Жолының 3-ші Халықаралық кинофестивалі өтуде.

Кинофестивальдың ұйымдастырушылары Қытай Мемлекеті журналистикасының негізгі басшысы,басылымдар,радио,кино және телевидиния,Шэньси аумағының Халық Үкіметі және Фунцзянь аумағының Халық Үкіметі болып табылады.

Бұл кинофестивальге Қазақстан С.Снежкинның «Жұлдыздар тоғысында» атты көркемдік фильмін ұсынып,қатысуда.

Фильмнің ұсынылуы алдында Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігі,яғни Арыстанбек Мұхамедиұлының атынан Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов сөз сөйледі: «Ұлы Жібек Жолының халықаралық кинофестивалі-бұл шын мәнінде «Бір буын.Бір жол» болып табылады.Кинофестиваль қазіргі заманғы қоғамның ажырамас бөлігі және Ұлы Жібек Жолының елдері арасындағы мәдени алмасудың негізгі бөлігі.Оған біздің қатысуымыз дәстүрге айналды.Ұлы Жібек Жолының халықаралық Кинофестивалі-әрқайсысымыз үшін өз еліміздің мәдениетін көрсетіп,таныстырудың тағы бір мүмкіндігі».

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының басшысы Андрей Хазбулатов: «Ұлы Жібек Жолының терең тарихи байланыс салдары,ҚР және ХҚР елдерінің географиялық жақындығы және әр түрлі салалардың ортақ қызығушылығы біздің еліміз үшін басым болып табылады. «Жұлдыздар тоғысында» атты фильм «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының бесінші бөліміне сүйене отырылып,фильмді режиссер Сергей Снежкин 1980 жылдардағы Кеңес Одағы кезеңінен Тәуелсіз Қазақстанға айналу кезеңіндегі аралықтың қиын қыстау уақыты,сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті атану  кезеңі әңгімеленеді.Фильм 2016 жылы түсірілген. Аталған фильм Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының телеарналарында, сонымен қатар Мәскеу қаласында ұсынылған болатын».

Ұлы Жібек Жолы кинофестивалінің кең аумақты аудиториясы фильм көрсетілімі сол кезеңдегі ахуалды тамаша жеткізді деп айта отыра,зор шапалақпен қарсы алды.