Ұлы Жібек Жолы – Қазақстан және Қытайдың мәдениетін байланыстырушы жіп.

27.09.2016 17:24 1646

 

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов Қытай Ұлттық басқару журналистикасы, мақалалары, радио, кино және телевидиния шақыртуы бойынша, Шаньси аймағының Халық Үкіметі және Фуцзянь аймағы Сиань қаласында өткен Ұлы Жібек Жолының Үшінші Халықаралық кинофестиваліне қатысты.

Қазақстан кинофестивальге режиссер Сергей Снежкиннің «Жұлдыздар тоғысқанда»  атты көркемфильммен қатысты.

Фильмнің ұсынылуы алдында Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігі, яғни Арыстанбек Мұхамедиұлының атынан Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов сөз сөйледі: «Ұлы Жібек Жолының халықаралық кинофестивалі-бұл шын мәнінде «Бір буын.Бір жол» болып табылады.Кинофестиваль қазіргі заманғы қоғамның ажырамас бөлігі және Ұлы Жібек Жолының елдері арасындағы мәдени алмасудың негізгі бөлігі.Оған біздің қатысуымыз дәстүрге айналды.Ұлы Жібек Жолының халықаралық Кинофестивалі-әрқайсысымыз үшін өз еліміздің мәдениетін көрсетіп,таныстырудың тағы бір мүмкіндігі».

Кинофестивальдың аяқталуы қытай киножұлдыздарының және де атақты актер Джеки Чан және де басқа да белгілі актерлер, режиссерлер, сценаристтер және сыншылардың қатысуымен аяқталды.

Қазақ ғылыми зерттеу-мәдениет институтының бас директорының ресми сапары барысында Қытайда мәдениет және өнер саласындағы өкілдермен бірқатар кездесілер өткізді.

Кинофестиваль аясында Ұлы Жібек Жолы елінің Форумы өтті, негізгі тақырыбы Ұлы Жібек Жолының мәдениетін және кинематографиясын дамыту болып табылды. 

Форумға атақты киносыншылар, сценаристтер, әр түрлі елдерден жиналған кинематография саласындағы ең танымал топ-менеджерлер ат салысты.

Оның ішінде атақты автор және продюссер Агнесса Фонтана, корейлік директор Пак Ен Хун, Солтүстік –Батыс унивеситетінің профессоры және PhD докторы Жан Али, белгілі жазушы Гао Дженган, Шаньси Ли Джен журналистика және коммуникация университетінің профессоры және PhD докторы, мәдениет саласындағы ғылым Сиа Янру, адъюнкт-профессор және Сиань университетнің директоры Нань Хуа, Қытай Халықаралық университетінің профессоры және жазушысы Лью Женьян, Янцзы университетінің профессоры және Шанси Жу Зи  аймағының Қауымдастық төрағасы.

Форум қатысушылары Ұлы Жібек Жолының кинематография саласы бойынша серіктестікті әрі қарай жалғастырып, кино саласындағы мамандарды және кинофикация деңгейін көтеру қажет екендігін айта кетті.

Форум соңында Андрей Хазбулатов журналистика басқару министрдің орынбасары, жариялау, радио, кино және Қытай Халық Республикасы телеарнасының  орынбасары Тонг Гангом кездесу өткізді. Ресми кездесу барысында мәдениет саласындағы қытай мен қазақстандықтардың қарым-қатынасы және Қытай орталық телеарнасында қазақстандық киножинақтардың көрсетілімі айтылды.

Андрей Хазбулатов сонымен қатар Шанси аймағының Сиань қаласындағы атақты «Қытай киносының-Батыс корпарациясы» атты киностудиясын көріп қайтты. Киностудия, халықаралық марапаттар саны бойынша Қытайда бірінші орында, сонымен қатар қытай және әлемдік киноиндустрия саласында диалог алаңы болып табылады.

«Қытай киносының-Батыс корпарациясының» бас директоры Ли Ксиошен және Андрей Хазбулатов екі елдің арасындағы фильмдер өндірісінің келісімділігіне қол жеткізіп, атап айтқанда бірлесіп шығарылған атақты саяхатшы Марко Поло жайлы ғылыми-танымал фильмге қатысты сұрақтар шешілді.

Шаньси аймағының мәдениет Департаментінің бас директоры Шаньси Ли Куанрен және Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры халықаралық Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрме  кезінде мәдени бағдарлама өзара іс-қимыл және ынтымақтастық ұйымдастырушылық мәселелерін талқылай отырып, мәдениет саласындағы қызметкерлерді дайындау және оқыту жайындағы мәселеге, сонымен қатар Қытай және Қазақстанның ғылыми және өнер саласының ұйымдарына аса көңіл бөлінді.

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Ұлы Жібек Жолы кинофестивалінде көрсетілген қазақстандық фильмнің ұйымдастырылуына ат салысқан Қытай мемлекеттік журналистика саласына, мақалаларына, радио, кино және телеарналарға, Фуцзянь аймағының Халықаралық Үкіметіне, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы Хэ Чэн мырзаға және оның ұжымдарына, ҚХР Шаньси аймағының Бас өкіліне алғысын білдіреді.