Мемлекеттік Эрмитаж және Ресейдің этнографиялық мұражайында мұражай қызметкерлері тағылымдамадан өтті.

14.10.2016 18:01 2517

 


Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты мәдениет аймағындағы біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлауды жүзеге асырды.

Ағымдық жылдың қазан айында «Есік», «Отырар», «Ұлытау»мұражай-қорықтардың қызметкерлері, А.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы және Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы «Мәдениет аймағындағы біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау» бағдарлама келісімімен Санк-Петербург қаласының Мемлекеттік Эрмитажында және Ресейдің этнографиялық мұражайында оқытылым жүргізді.

Оқыту бағдарламасына келесі бағыттар кіреді: сақтау ескертпелерінің негіздері, құжаттар рәсімделуінің қалпына келтіру үрдістері, заманауи қалпына келтіру шеберханасының жұмыс ережелерінің негіздері және ағаштан,тоқымадан, керамикадан,қайың қабығынан, металлдан,қағаздан жасалған мұражай заттарының қалпына келтірілуі.

Жоғарыда көрсетілген бағдарлама бойынша барлық тағылымгерлерге біліктілікті арттыру жөнінде сертификаттар тапсырылды.

Берілген тағылым мұражай мекемелерінің қызметкерлеріне кәсіби деңгейлерін жоғарылатуға және тереңдетуге, біліктілігін арттыруға және арнайы дағдыларын, сонымен қатар қосымша тәжірибе алып, алынған білімдерді Қазақстан тәжірибесінде қолдануға мүмкіндік туғызды. 

Ескере кетсек, 2015 жылы Мемлекеттік Эрмитаж және Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы және Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтымен үш жақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын.

Келісімді жүзеге асыру шеңберінде көптеген бірлескен іс-шаралар өткізілген болатын, атап айтқанда Ұлттық мұражайда «Эрмитаж күндері», конференциялар, тарих, мәдениет, археология, мұражайтану және қалпына келтіру аймағындағы ғылыми қызметкерлердің тағылымдары және көрмелері өткізілген болатын.

Қазіргі уақытта игілікті ынтымақтастық құрылымының жұмысы жалғасуда.

 

Мемлекеттік Эрмитаж.

 

Ресейдің этнографиялық мұражайы.

Жазбаша мәліметтерді көшіру бойынша жұмыс қағидасымен танысу.Тәжірибелік оқытылым.

 

Көрмеге қатысу негізіндегі дәріс оқытылымы «Қалпына келтіру:

қолөнержәне өнер». 

Былғарыдан жасалған мұражайлық заттардықалпына келтіру.

Дәріс оқытылымы.

Былғарыдан жасалған мұражайлық заттарды қалпына келтіру.

 

Металлдан жасалған мұражай заттарын қалпына келтіру.

Дәріс оқытылымы