Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтыныңбас директоры «Жаңа Жібек жолы -2017» жобасының авторымен ресми кездесу өткізді

21.11.2016 16:12 1807

 

Аталмыш жылдың 21-ші қарашасындаҚазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтында бас директор Хазбулатов Андрей мен Польшаның әйгілі зерттеуші-репортер, Итальяндық  саяхатшы Марко Полоның Жібек жолы бойынша өткен жолын қайталауды жоспарлаған Яцек Палкевичпен ресми кездесу өтті.

Кездесу барысында Яцек Палкевичөзінің «Жаңа Жібек жолы -2017»  атты жобасы туралы тілқатты. «Халықаралық экспедиция бағдары Қытайдан басталып, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан, Ресей және Беларус аумағынан өтіп, Польшада аяқталмақ.  Алпыс күн ішінде экспедицияға қатысушылар 10 мыңнан аса километр өтетіні жоспарлануда. Ұлы Жібек жолының Қазақстанның аумағынан өтуі,  Қазақстанның халықтар арасындағы мәдени, сауда байланыстың дамуында зор орын алады»- деп Палкевич атап өтті.

Андрей Хазбулатов аталмыш халықаралық жобаға қызығушылығын білдіріп, «Марко Поло: ашулар мен құпиялалар» атты ғылыми-көпшілік фильмі туралы айтып берді:«2016  жылы Қазақстан Республикасының спорт және мәдениет Министрі Арыстанбек Мухамедиұлының ықыласы бойынша Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Марко Поло туралы  ғылыми-көпшілік фильмінің бірінші сериясының түсірілімін бастады. Түсірілім аясында итальяндық және қытай тарапымен қосылуымен әйгілі саяхатшының өмірбаянын зерттеу бойынша жетекші сарапшыларылмен жұмыс атқарылуда және қазіргі таңда, ғаламторда фильмнің ресми трейлері жарияланды. Сонымен қатар, институттарихта алғаш рет Марко Полоның «Әлемнің әралуандылығы туралы» атты кітабының қазақ тіліне аудармасын жасады».

Әнгімені қортылай келгенде, бас директор Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Ұлы Жібек жолына, оның Қазақстанға ықпалына  аса маңыз беретіндігін айқындап, сол себепті аталмыш жобаға қажетті қолдау көрсетуге дайын екендігін айтты.

Кездесу барысында екі мемлекеттің алдағы серіктестіктің дамуына және мәдениет саласындағы тәжірибе алмасуға талпынысын екі тарап атап өтті.

Яцек Палкевич – Ресей географиалық қоғамының, Лондондағы Royal Geographical Society Корольдікгеографиалық қоғамының мүшесі және 30 кітап пен деректіфильмдердің авторы. 1998 жылысаяхаттартуралы жыл кітабы бойынша«Янтарная Бабочка» Гран-Прииегері атанды. Палкевич жер-шарының барлық ендіктерінде болып, қажымай,жойылып бара жатқан азшылы құлттар тұралы мағлұмат жинаған. Жалғыз болып Атлант мұхитын жүзіп өткен, Якутсктан Оймяконға дейін бұғыларды жегіп жүріп өткен, даяктайпасының көсемінің лашығындатүндеген, ғарышкерлер мен әскерилерге шөлде аманқалу жаттығуларын жүргізген, адам қолы тимеген шұраттарды табу және соларды сақтап қалу үшін барлық құралдарды қолдану керекекендігін білдірту үшін, аяқ жетпес жерлерге барған.