Қазақстандық кинематографистер «Кинематография туралы» заң жобасын қолдады

06.12.2016 16:40 1825

 

Алматы қаласында Ұлттық академиялық кітапханада ағымдағы жылғы 6 желтоқсанда 15.00 –де Қазақстан Республикасының «Кинематография туралы» және «Кинематография мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарының жобаларын  әзірлеу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Шараға кинематографистер, кинодистрибьюторлар, мәдениет және өнер саласындағы мамандар, мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар, және БАҚ өкілдері  қатысты.

Дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелде таныстырылған заң жобалары Үкіметтің тапсырмасы бойынша әзірленді. 2016 жылғы 14 қарашада заң жобасының қызметі мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссия отырысында қарастырылып отырған заң жобаларына тұжырымдамалар мақұлданды. Құжаттар кинематография саласында қарым-қатынастарды құқықтық реттеудің нақты тетіктері болмаған жағдайда заң жобаларын қабылдау бастамасы дер кезінде көтерілгенін және өзекті екенін атап айтқан Әділет министрлігінің қолдауына да ие болды.

Дөңгелек үстел отырысының ашылу аясында ҚазҒЗМИ бас директоры Андрей Хазбулатов «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығында алғаш рет Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігімен Арыстанбек Мұхамедиұлының басшылығымен кино туралы заң жобасы бойынша белсенді жұмыс бастамасы көтерілгенін» айта келе, заң жобаларының негізгі ережелерін ашып айтып берді. Мәдениет институты шетелдердің озық тәжірибесін зерттеу, сондай-ақ Қазақстандағы киноның даму тұжырымдамасын әзірлеу бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Құқықтық алаңда айтылған ережелерді бекіту қажеттілігі бұл жұмыстың логикалық жалғасы болды. Сөйтіп, әзірленген заң жобаларында қойылған міндеттердің тұжырымдамаларын негізге ала отырып,  келесі нормалар мен талаптар бекітілді: Ұлттық киноны қолдау қорын және Сараптама кеңесін құру, «Қазақфильмнен» Мемлекеттік фильмдер қорын жеке құрылым ретінде шығару, кинроөндірістің және кинотоптамалардың шығыс материалдарын цифрлау, фильмдер прокатының нәтижелерін есептеудің Бірыңғай автоматтандыру жүйесін құру, ұлттық фильмдерді халықаралық алға жылжытуға және олардың прокатын қолдауға, сондай-ақ кинотүзілімнің көп деңгейлі жүйесін дамытуға және ұлттық кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар қабылдау. Сонымен қатар, Кино туралы заңға жалғас ретіндегі заң жобасында салық жеңілдіктерін енгізу, «Қазақфильм» аумағында Еркін экономикалық аймақ құру және оның қатысушылары үшін тіркеу талаптарын қысқарту, телевидениеде ұлттық кино жарнамасына міндетті түрде уақыт бөлу және оның прокатының тілі бойынша нормалар белгіленген. Барлығы 7  НҚА-ға – Кәсіпкерлік және Салық кодексі, «Арнайы экономикалық аймақтар туралы», «БАҚ туралы», «Жарнама туралы», «Тілдер туралы», «Мәдениет туралы» Заңдарға толықтырулар енгізу жоспарлануда.

Қазақстандық кинорежиссер, сценарист Рашид Нұғманов «кино туралы заң жобасы баяғыда пісіп жетілгенін айтты. Қазақстанның кинематографистері сонау 90 жылдарды Кино тұжырымдамасын талқылаған. Сол кезде кино туралы заң жобалары жасала бастады, алайда күні бүгінге дейін жобалар жобалар күйінде қалып келді. Бүгінгі таңда бізде кинематограф өкілдерінде заңды қабылдайды деген сенім пайда болды. Заң жобасының ең маңызды тармағы ұлттық фильмдерді қолдауға меемлекеттік қаражатты бөлу қағидасы болып табылады. Ұлттық киноны қолдау қорын құру жалпы алғанда Қазақстандағы кинематографияның дамуын өзгерте алатын қағидалық өзгеріс. Қазақфильм аумағында Еркін экономикалық аймақ құру да ұлттық өндірісті дамытуға қуатты серпіліс берер еді».

Режиссер, сценарист Эльмира Гильман да өз баяндамасында кино туралы заңды қабылдау қажеттілігін атап айтты. «Заңда Қор жанындағы Сараптама кеңесі қалай қалыптасатыны, оның қызметі, өкілеттік мерзімі егжей-тегжейлі жазылуы тиіс. Мамандандырылған мекемелердің немесе киностудиялардың базасында кино мамандарының біліктілігін арттыруға да  назар аудару керек».

“Cinemax” бас директоры Нұрлан Жүнісов және «Меломан» бас директоры Вадим Галенко қарастырылып отырған заң жобаларына қатысты өз ұстанымдарын баяндай келе, дистрибьюторлар осы заңдардың қабылдануын қолдайтынын және өз тараптарынан қажетті қолдау көрсетуге, өз тәжірибелерімен бөлісуге даяр екендіктерін атап айтты.

Белгілі әртіс, режиссер Сатыбалды Нарымбетов әзірленіп жатқан жобаларға қолдау көрсететін айтты.

Еркін пікір алмасу аясында конструктивті диалог құрылды, туындаған барлық сауалдарға толық жауаптар қайтарылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар қазақстандық кинематографтың ары қарайғы дамуына қатысты талқыланып отырған мәселелердің маңыздылығын және заң жобаларын қабылдау қажеттілігін атап айтты.