ҚазҒЗМИ Бас директоры ҚР Мәдениет және спорт министрінің РФ Мәдениет министрімен ресми кездесулеріне қатысты

21.02.2017 00:00 1788

Үстіміздегі жылдың 20 ақпанында Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының директоры Андрей Хазбулатов Қазақстан және Ресей Мәдениет министрлерінің,  А.Мұхамедиұлы және В.Мединскийдің ҚР Премьер-министрі Б.А. Сағынтаев,  ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіхалықова, ҚР Президент әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары М.Тәжинмен  ресми кездесулеріне қатысты 

 

 

 Екі елдің Мәдениет министрлері арасында  мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың 2017 жылға ортақ әрекет Жоспарына қол қойылды. Салтанатты рәсім Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде өтті.

Салтанатты қол қою рәсімі барысында ведомство басшысы айтып кеткендей, бірлескен әрекеттер жоспары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бекітіліп отыр.

 

 «Қазақстан мен Ресейді өз ара түсіністік пен сыйластыққа негізделген   берік достық пен тату көршілік байланыстырады». Бүгін қол қойылатын маңызды құжат  тығыз ынтымақтастықта қалыптасқан көпжылдық дәстүрлерді жалғастыратынына  сенімдімін» - деді А.Мұхамедиұлы.

«Келісім дерексіз емес,жеткілікті дәрежеде айқын.Біз кино өндірісі  саласындағы ынтымақтастық туралы бітімге келдік.Сондай-ақ ЭКСПО аясында Астанаға Мариин театры,Михайлов театрының келуі, Чехов атындағы МКТ гастролдері туралы келіссөздер жүргізіліп, Эрмитаждың үлкен көрмесін өткізу туралы келіссөздер аяқталуда» - деп Владимир Мединский атап өтті.

Ресей мен Қазақстан шынында да қалыптасқан, кемелденген егеменді  мемлекеттер.Егемендік – бір-бірімен тату-тәтті өмір сүру мүмкіндігі.Егемендік – ең алдымен өз халқының мүддесі үшін өздігінен шешім қабылдау мүмкіндігі. Ал өздігінен шешім қабылдау сенің халқыңа не тиімді,ыңғайлы және дұрыс екендігін анықтау. Бүгінгі таңдағы Қазақстан мен Ресейдің достық қарым-қатынасы негізінде ортақ мүдделер,ортақ береке, ортақ тарих пен мәдениет жатыр.Егер  бүгінгі қатал әлемде ұстамды болғымыз келсе,біз әрине халықаралық қауіпсіздіктің негізгі сұрақтары жөнінде, экономикада  бірге болып, дамудың қай жолы біздің мемлекеттерімізге сай екенін ойлануымыз керек.Себебі, ең басты біздің үлкен артықшылығымыз  ортақ естеліктерде, ортақ тарихымызда,ортақ мәдениет пен рухани жақындастығымыз тек сөз жүзінде ғана емес, қанқұйлы жауларға қарсы сан мәрте  күресте дәлелденген.Мәселен, бізден ешкім тартып ала алмайтын «28 панфиловшылар» бар. Бұл орыстар мен қазақтар Мәскеу астында бірге тұрып, 75 жыл бұрын  бізді сатып кеткен жоқ,өз үйлеріне қашып кеткен жоқ.Олар бізді ешқашан сатып кетпейді,және бір-бірімізді сатып кетуге жол бермейді».

Бүгінгі күнде ресейлік-қазақстандық ортақ жобалардың ішіндегі ең сәттілерінің бірі «28 панфиловшылар» фильмі жарыққа шығып,барлық рекордты түсімдерді жасап, халықаралық нарыққа шығуы жоспарлануда. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және РФ Мәдениет министрі Владимир Мединский кино жасаудағы үлесі үшін «Жыл адамы 2016»  атанды.

Қабылданған Әрекеттер жоспарына сәйкес, мемлекеттер 2019 жылды Қазақстан-Ресей мәдениет алмасу жылы деп жариялау мүмкіндігін қарастыруға келісті. Бұл қадам мәдени-гуманитарлық байланыстарға жаңа серпін бере отырып, қазақстан-ресей ірі көлемді жобаларының үйлесімділігін қамтамасыз ететін болады.

Тараптар жоғары белгіленген бастамаларды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының аймақтарын да тартудың қажеттігі туралы бірауыздан пікір білдірді.

Бұдан басқа,қатысушылар  Астанада өтетін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрменің жұмысы барысында мәдени шараларды өткізуге барынша қолдау көрсетуге келісті. Ресей тарапы Қазақстан Республикасының М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының гастрольдерін Ресей Федерациясының айқматарында, соның ішінде Томск, Новосибирск, Кемерово және Барнаул қалаларында 2017 жылдың күзінде өткізуге ықпал жасайтын болады.

Сонымен қатар, Жоспарда мәдени мұраларды сақтау мен мәдениет және тарихи ескерткіштерді туристік айналымға енгізу саласында тәжірибе алмасу, ортақ тарихи мейрамдарды мерекелеуге арналған мәдени іс-шараларды өткізуге қолдау көрсету бойынша жұмысты жалғастыру көзделген. Құжатта Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кинематография, туризм салаларындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше  көңіл бөлінген.

Салтанатты  қол қою рәсімі барысында ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсаходжаева Ресей Федерациясының Мәдениет министрі В.Р Мединскийге Қазақ Ұлттық өнер университетінің Құрметті профессоры атағы мен диплом табыстады.

 

 Ресми сапар барысында РФ Мәдениет министрі Владимир Мединскийдің  Қазақстанның Мемлекет  хатшысы Гүлшара Әбдіхалықовамен кездесуі өтті.

Кездесу  басында Г.Н Әбдіхалықова Ресей Мәдениет министрі В.Р. Мединскийді Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен бейбітшілік пен достық және елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтқаны үшін   ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

 Гүлшара Әбдіхалықова біздің халықтарды тарихи сан ғасырлық берік бауырластық,достық пен тату көршілік байланыстыратынын атап айтты.

ҚР Мемлекет хатшысы РФ Мәдениет министріне  Кейкі батырдың сүйегін тарихи отанына қайтаруға белсенді атсалысқаны үшін алғыс білдірді.

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы ХХІ ғасырдағы көршілік және одақтастық туралы Келісімге ерекше назар аударып, бұл тарихи қалыптасқан біртұтас мәдени кеңістікті нығайтуға және біздің халықтардың  мәдени,рухани жақындығын сақтауға ықпал ететін  маңызды құжат деп көрсетті.

Сонымен бірге, Мемлекет хатшысы  мәдениет саласында мәдениет министрліктері арасындағы 2017 жылғы біріккен Әрекет жоспарының аясында 2019 жыл ресейлік-қазақстандық мәдени алмасу жылы болып жариялану мүмкіндігін растап, құжатқа   қол қоюдың маңыздылығын атап айтты.

Г. Әбдіхалықова  биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме өтетіндігін атап айтты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен  қазақстандық мәдениеттің ауқымды таныстырылымы өтеді.Эрмитаж мұражайының, А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік мұражайының топтамаларынан көрме өткізу,Мариин және басқа да опера мен балет театрларының қойылымдарын көрсету жоспарланады. Г.Әбдіхалықова Ресейдің «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыруға  белсенді қатысуына сенімін білдірді.

 

 

Сондай-ақ, РФ Мәдениет министрі В.Мединскийдің ҚР Премьер-министрі Б.Сағынтаев пен ҚР Президентінің әкімшілік басшысының орынбасары  М.Тәжинмен ресми кездесулері өтті. Кездесуге қатысушылар казақстандық-ресейлік  мәдени ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы талқылады. Естеріңізге салсақ, 17 және 19 ақпан аралығында Ресей актерлерінің қатысуымен Астанада Ресей киносы күндері өтті. Олардың қатарында режиссер Николай Хомерикидің «Ледокол» көркем фильмі, режиссерлер Максим Волков пен Андрей Галаттың «Волки и овцы: безумное превращение» анимациялық фильмі, режиссер Николай Лебедевтың «Экипаж» көркем фильмі,  режиссер Оксана Карастың «Хороший мальчик» көркем фильмі. Көркем, анимациялық фильмдерінің қайырымдылық көрсетіліміне балалар үйі мен аз қамтылған отбасы балалары щақырылды.

Ресей киносы күндері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы келісім, сонымен қатар 2016 жылғы 5 қыркүйекте Мәскеуде қол қойылған 2017-2019 жж. арналған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және РФ Мәдениет министрлігі арасындағы Мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы аясында өткізілді. Барлық іс-шаралар ресейлік тарап есебінен өткізілген болатын.