Қазақстандық ғылыми-көпшілік фильм «Марко Полоның Жібек Жолы» Африка,Азия және Латын Америка фильмдерінің 27-фестивалі аясында көрсетіледі

13.03.2017 17:30 1550

Наурыздың 19 мен 26 аралығында Милан қаласында Африка,Азия және Латын Америка фильмдерінің 27-фестивалі өтеді.

Италия киноиндустриясындағыбірегей және дара фестиваль жарты ғасыр бойына үш құрлықтың мәдениетін байланыстырып келеді.«Ли мен ақын», «Қарсы беттегі үй», «Ақпан» және басқа да көптеген фильмдер көпшілік қауымға осы фестиваль арқылы танымал болды.Биылғы жылы фестиваль бағдарламасы 60 тарта фильмді қамтиды.

Қазақстандық ғылыми-көпшілік фильм «Марко Полоның Жібек Жолы» италияндық көрерменге ағымдағы жылдың 23 наурызында сағат 18.00 Спацио Обердан кинотеатрында ұсынылады.

 

 

Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен  Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты түсіріп, Италия және Қытаймен бірлесе отырып  2016 жылы шығарған.Фильмнің тең продюссері танымал американдық документалист Марио Дюкордей.2017 жылы берілген фильмнің Қытай ,АҚШ және Еуропада дистрибуциясы жоспарлануда.

Ғылыми-көпшілік фильдерді жасау мәдениет институтының қызметіндегі жаңа қоғамдық маңызды бағыт екінін айта кеткен жөн. Ғылыми-көпшілік фильмдер  ғылыми әрекеттің нәтижесін мемлекет пен шетелдегі әлеуметтің көз алдына келтіруге мүмкіндік береді.

«Марко Полоның Жібек Жолы» ғылыми-көпшілік фильмі әйгілі италияндық көпес Марко Полоның Ұлы дала саяхаттары туралы кітабының желісі негізінде түсірілген.Фильмде Орталық Азия мен қазіргі Қазақстаншекарасына ерекше назар аударылған.Режиссерлік шешім ғылыми пікірталас пен тарихи қайта құруды ұштастырудың негізінде құралған. Ресейдің, Қытайдың,АҚШ, Италия мен Қазақстанның жетекші тарихи-сарапшылары «Әлемнің әр алуандығы» кітабының  бірегей феноменін ашып көрсетеді.

Еске түсіріп өтсек, 2016 жылдың 27 қаңтарында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және БАҚ қатысуымен фильмнің пресс-көрсетілімі болып өтті.