Жалпы генетика және цитология институтымен өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум

24.04.2017 00:00 1788

Бас директор Андрей Хазбулатов және директор Лейла Жансүгірова  Қазақ ғылыми-зерттеу мәдниет институты  мен Жалпы генетика және цитология институты арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумның басты мәні: ғылыми-зерттеулерді, археология, этнография, палеогенетика саласындағы іс-шараларды бірлесе жүргізу; құнды археологиялық артефактілерді бірлесе зерттеу; елдің тарихи-мәдени өміріндегі заманауи технологиялар мен ғылыми жетістіктерді дамыту мен қолданудың ортақ әрекетін ұйымдастыру, сондай-ақ, ғылыми іс-тәжірибелерді, дәрежені көтеретін курстарды, генетика, тарих, археология мен мәдениет саласында мамандарды дайындау мен қайта даярлауды ұйымдастыру.

Меморандум пәнаралық зерттеулердің дамуына қолайлы жағдай жасап, Қазақстан аумағындағы Ежелгі феномендарды зерттеуде отандық басымдылықты сақтауға, мемлекетіміздің тарихының мәдени және ғылыми маңыздылығы туралы обьективті ақпарат алуға мүмкіндік береді.