«Киелі Қазақстанға» - ақ жол!

10.06.2017 10:00 1848
  • 55566ea2-f516-4428-92a6-44125affcff6
  • 69a01082b42ea130ec29587ae0266250
  • photo_217585

Бүгін Астана қаласында ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының және ҚР Ұлттық мұражайының қатысуымен, Қазақ ұлттық географиялық қоғамының бастауымен өтетін «Киелі Қазақстан» экспедициясы өз жұмысын бастады. Экспедицияның міндеті – Қазақстанның киелі жерлерін зерттеу, бұл өз алдына Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының міндеттерінің бірін іске асыру болып табылады.

Екі апта ішінде экспедиция қатысушылары Батыс Қазақстанның киелі жерлеріне, Астана – Қарағанды – Қызылорда – Ақтау – Қызылорда – Қарағанды – Астана бағытымен автосапар жасайды.

Экспедицияның негізгі мақсаты – Қазақстанның киелі жерлерін зерттеу және насихаттау. Экспедиция мүшелерінің қатарында – тарихшылар, өнертанушылар, тілшілер, блогерлер мен ғылыми-көпшілік фильмді түсіруші телеарна командасы бар.

«Киелі Қазақстан» экспедициясының  мүшелері Жұбан-Ана мавзолейіне, Теректі мазарына, Болған-Ана мавзолейіне, Қорқыт-ата кешенінің төңірегіне, Кескен-Күйік қалашығына, Бегім-Ана мавзолейіне, Қамбаш көліне, Ақмыш шатқалына, Шерқалаға, Шақпақ-атаға, Кенті-Бабаға, Сұлтан-Үпіге, Бекет-Ата қорымына, Мешітбай-Әулиеге, Тассай құдығына барады.

Қанат Байғарин, Назарбаев Университетінің инновациялар жөніндегі вице-президенті, Қазақстан Ұлттық Географиялық Қоғамының (ҚҰГҚ) Басқару кеңесінің төрағасы:

- Кеше Елбасы басты экспедицияға – халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне бастама берді. Біздің экспедицияның осындай атаулы оқиғамен бірге басталғаны символдық мәнге ие. Қазақстанның киелі жерлерін зерттеудің Президент қойған міндеттерін іске асыруға «Киелі Қазақстан» негіз болары анық.

Андрей Хазбулатов, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры:

- «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Елбасы басымдықтардың бірі ретінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жасау деп көрсеткен. Бүгінгі экспедиция – алғашқы шаралардың бірі, жылдың аяғына дейін біздің институт тағы бірнешеуін өткізуді жоспарлаған. Бұл экспедициялардың ортақ нәтижесі –  әлемнің кез келген нүктесінен біздің кез келген тарихи жерлеріміз туралы ақпаратқа жедел қол жеткізуге мүмкіндік беретін, тарих пен мәдениет ескерткіштерінің электронды дерек қоры болады!