Іздеу

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі

Астанада Eurasia Sculpture Biennale Мүсін өнерінің халықаралық биенналесі ашылды

04.07.2017 18:00 140

20170704_123653

2017 жылдың 4 шілдесінде Бейбітшілік және Келісім сарайының Атриумында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен өткізілген EXPO-2017 мәдени бағдарламасының маңызды оқиғаларының бірі  – Eurasia Sculpture Biennale Бірінші мүсін өнерінің халықаралық биенналесінің ашылуы өтті. Экспозиция тақырыбы – «Өзара байланыс: диалог өнері».

IMG_7832

- Осы көрме біздің аймаққа жаһандық биеннале форумының есігін ашады және мүсін өнерін дамытудың беталысы мен әр түрлі бағыттары арасындағы диалогты кеңейтеді, - деп, профессор, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, сондай-ақ, осы биенналенің қазылар алқасының  төрағасы Байтұрсын Өмірбеков атап өтті.

Бірінші Еуразиялық мүсін өнерінің биенналесіне сегіз елден 33 автор қатысты: Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, Германия, Нидерланд, Франция, Швейцария мен Қырғызстан. Құрамында республиканың мәдениет саласындағы сарапшылары мен еңбек сіңірген қайраткерлері Нелли Шиврина, Ольга Батурина, Камилла Ли, Эдуард Казарян болды, сондай-ақ, өкілдер, ғылым мен өнер шекарасында жұмыс істейтін ресейлік суретші Сергей Катран, Қырғыз Республикасының халық суретшісі, профессор, Юристанбек Шагаев және 21 Artavita Art Халықаралық байқауының финалисті, нидерландық Берт Шорен елу шақты туындыны ұсынды.  Жұмыстар әр алуан модернизмнен контемпорариге дейін, болат пен қоладан папье-маше мен картонға дейін, және де кинетикалық, жарық, дыбыс мүсіндерінің түрлері, инсталляция өз заманына лайық Астанадағы ЭКСПО-мен үндесе  өтіп жатыр.

IMG_8017 IMG_8020 (1) IMG_8019 (1)

Үшінші орын бірден үш туындыға берілді. Соның ішінде біздің отандасымыз Георгий Тряхин-Бухаровтың аралас техникада орындалған  «Тарпаң» жұмысы Берт Шореннің қараңғы батысымен қатып қалатын, күн батареясы арқылы істейтін «Жарық сапары» кинетикалық мүсіні, сондай-ақ, Сергей Катранның «Тұқымдар» динамикалық инсталляциясы бар, ол дыбыстар шығаратын және жанына келгенде қозғалатын үлкен тұқымдарды ұсынады.  Көрме келушілері оның дыбыстық мүмкіндіктерін тексеріп, алып тұқымдардың аясында суретке түсті.

WhatsApp Image 2017-07-03 at 18.04.41 WhatsApp Image 2017-07-03 at 18.05.40

Екінші құрметті орынды екі жұмыс иеленді. Олардың бірі – марқұм болған танымал мүсінші Даир Түлековтың  ұлттық киімдегі бірігіп кеткен екі әйелдің аллюминиден жасалған «Әңгіме» мүсіні. Екіншісі – Бернард Джордидің «Өзгермелі хабарландыруы». Осы күрделі конструкция  қозғалыс механизмінің қайталануына қарамастан, оған зер салған адам өзі үшін жаңа айналымды табуымен таң қалдырады.

WhatsApp Image 2017-07-03 at 18.05.20 (1) WhatsApp Image 2017-07-03 at 18.04.48

Бірінші орынды қазылар алқасының мүшелері швейцариялық Этьен Крахенбулдың «Тоқтатылған уақытына» берді. Бұл экспозиция да, биеннале қонақтарының назарын өзіне аудара алды – олар бір-біріне соғылып дыбыс толқынын шығарған тұтас текшелерді қозғай берді, ал болат пластиналар залдың қабырғаларын кезген жүздеген күн шұғыласын тудырды.

WhatsApp Image 2017-07-03 at 18.05.14

Гран-при «Алатау» және «Соғыс» екі жұмысын ұсынған Әлібек Мергеновтың еншісіне тиді. Атының денесі құлтемірдікі, баламен салт аттыны бейнелейтін жұмыс сыйлыққа лайықты саналды. Фигура дәстүрлердің, бұрынғы өмір салтының қазіргі технологиялармен сабақтастығын сақтаған.

WhatsApp Image 2017-07-03 at 18.05.19

- Кез келген халықаралық биенналені өткізу – егжей-тегжейлі және ұзақ дайындықты талап ететін зор әрі жауапты мәселе. Қысқа мерзімнің ішінде осындай ауқымды жобаның ұйымдастырылуы таң қалдырады және бүгінгі күні мұны былайша баяндауға болады: Астанадағы Eurasia Sculpture Biennale Халықаралық мүсін өнерінің биенналесі өз жұмысын бастады! – деп, ҚР суретшілер Одағының хатшысы, тәуелсіз сарапшы Камилла Ли атап өтті. – Әрбір биеннале белгілі бір мағынада өзінің мазмұны арқылы өнердің ары қарайғы даму жолын жобалай отырып, болашақтағы көркемдік мәселелерді қалыптастырады. Eurasia Sculpture Biennale суретшілер үшін зор шығармашылық серпіліс, өнертанушылар үшін тұжырымдамалық мағына, көрермендер үшін жарқын эстетикалық әсер беруін күтудеміз. Барлық суретшілер Мәдениет және спорт министрлігіне осы көрмелік жоба мен заманауи мүсін өнерін қолдауға белсенді ат салысқаны үшін ризашылығын білдіреді.

Анықтама үшін: Биенна́ле (лат. bis — екі рет + annuus — жыл) — көркем көрме, фестиваль немесе екі жылда бір рет өтетін  шығармашылық байқау. Ең танымал биеннале – Венециялық, - 1895 жылдан бастап бар. Дегенмен, басқа да мысалдар бар, мәселен, «Манифеста»,Уитни биенналесі, Сан-Паулудағы немесе Ресейдегі биеннале – Ширяевтік заманауи өнердің биенналесі. XX ғ. Екінші жартысынан бастап ірі халықаралық көрмелер (жиірек биеннале үлгісінде) заманауи өнерді таныстырудың негізгі алаңына айналатын. Осыған ұқсас, триеннале – үш жылда бір рет өтетін көрме, фестиваль немесе шығармашылық байқау.