«Шамбаланы іздеу жолында: Нью-Иорктегі Рерих мұражайының жауһарлары» және «АҚШ-тың жеке коллекцияларынан алынған орыс өнерінің жауһарлары» фотоальбомдары жарық көрді

18.09.2017 09:00 2596
  • 1
  • 5
  • 4
  • 2
  • 3

2017 жылдың 14 қыркүйегінде Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында Шамбаланы  іздеу жолында:Нью-Иорктегі Рерих мұражайынаның жауһарлары» және «АҚШ-тың жеке коллекцияларынан алынған орыс өнерінің жауһарлары» фотоальбомдарының  салтанатты тұсаукесері болып өтті. Тұсаукесерге ҚР Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова, ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев қатысты.  

–Бүгін біз, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің  мәдени ойын-сауықтық бағдарламасы аясында өткен «Шамбаланы іздеу жолында:Нью-Иорктегі Рерих мұражайынан алынған жауһарлар» және «АҚШ-тың жеке коллекцияларынан алынған орыс өнерінің жауһарлары» көрмелерін ресми түрде жабамыз, - деп Қуатжан Уәлиев атап өтті.

–Нью-Иорктегі Қазақстан тарихында Николай Рерихтың мұражайынан мұндай көрме бірінші рет әкелінді және мұның өзі бірегей оқиға, себебі, бұл суреттер ешқашан АҚШ аумағынан ұзап шықпағанын Бірғаным Әйтімова белгілеп кетті.

–Бұл жобалар Қазақстан үшін жаңалық болғаны сөзсіз, өйткені, болып өткен көрмелер жоғары өнерді сезінуге мүмкіндік бергенін Қайрат Абрахманов атап көрсетті. – Мұны мәдениет саласындағы қазақ-американдық қатынастың дамуындағы кезекті қадам ретінде бағалауға болады. Себебі, біз басталған үрдісті екі жақты форматта жалғастыруға тиіспіз және бұған шамамыз келеді. Келесі қадам, Американы Қазақстан жауһарларымен таныстыру,  Елбасының «Болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласында көрсетілген  «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасының міндеттерін іске асырады.

–Мәдениет және спорт министрлігіне және жеке Арыстанбек Мұхамедиұлына, Сыртқы істер министрлігіне, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтына және біздің бастамамызды қолдап, Қазақстан мен АҚШ арасындағы осы  мәдени алмасуға ат салысқан барша жұртқа үлкен алғыс айтқым келеді., - Орыс-Американдық қордың президенті, «Son Mar Group», американдық компаниясының негізін қалаушы, Мемлекеттік Бруклин мұражайының экс-кураторы Марина Ковалева атап бағалады.

–ҚР Ұлттық мұражайында көрмелерді өткізу арқасында орыс суретшілері мен Николай Рерихтың шығармашылығын бүкіл Қазақстанға, ЭКСПО арқылы бүкіл әлемге паш етуге мүмкіндік туды. Ал бұл бірегей жинақты шығару ұлы суретшілердің еңбектерін тек бейнелеу ғана емес, келесіде өтетін басқа экспозициялардың бөлінбес бөлшегі болады деп ойлаймын. Себебі, оның осы мәдени мұраны сақтау мен насихаттауда маңызы зор, - деп, «Son Mar Group» компаниясының және TondoArt арт-платформасының негізін қалаушы Соня Беккерман растады.

Жоғарыда көрсетілгендей, аты аңызға айналған суретшінің, философтың және саяхатшының шығармашылығына арналған Николай Рерихтың Нью-Йорктегі мұражайының экспозициясы Қазақстанда алғаш рет ұсынылды. Көрме шебердің шығармашылық ауқымын көрсетеді және жасөспірім шағы мен 19920-1940 жылдары салған 37 жұмысын қамтиды.

Сонымен қатар, елімізде алғаш рет «АҚШ-тың жеке коллекцияларынан алынған орыс өнерінің жауһарлары» атты сирек көрсетілетін көрме ұсынылды. Оның құрамында 35 туынды, соның ішінде – дүниежүзіне танымал марионист Айвазовскийдің, XIX ғасырдың көрнекті портретшілері Маковский, Харламов, Шухаев,авангардисттер Бурлюк, Ларионов, Гончарова, Экстердің, орыс импрессионализмінің жарқын өкілі Коровиннің жұмыстары бар. Көрермендер Малявиннің, Вещаловтың, Сахарованың, Переплетчиковтың, Колесниковтың көпшілікке белгісіз туындыларымен таныса алады.

Көрмелер ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен және  Қазақстан Республикасының БҰҰ Миссиясы, Қазақстан және АҚШ Елшіліктерінің ресми қолдауымен өтті.