Іздеу

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі

Көштен қалма!

20.09.2017 09:00 32

IMG_3576

Керуен қозғалса, көштен қалған жарамас! Етек-жеңді жинап, еңсені тіктеп алға жүру керек! –  Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас ғылыми қызметкері кеңес және қазақ түркітанушы-ғалымы, «Түркі тілдері» мамандығы бойынша философия ғылымдарының докторы Александр Гаркавец ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткен мемлекеттік тілдің латын графикасына негізделген әліпбиінің бірыңғай стандарттын енгізу мәселелері талқыланған «дөңгелек үстелде» осындай кеңес берді.

Дөңгелек үстел жұмысын аша отырып, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бүгінгі күні қазақстандық қоғам тәуелсіз Қазақстан тарихы үшін маңызды қадам жасағалы отырғанын және қазақстандықтар қазақ тілінің латын графикасына көшу идеясына қолдау білдіретінін атап айтты.

IMG_3219

–Бүгінгі таңда, латын әліпбиіне көшу рухани және мәдени жаңғыруымыздың маңызды факторларының бірі болып табылады. Мұнда, Елбасы атап өткендей Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық тарихында ойып жазылған терең мән жатыр – деп, министр мәлімдеді.

Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген мемлекеттік тілді дамыту саласында министрліктің үлкен жұмыс атқарғанын атап өткен жөн. Парламенттың қарауына ұсынылған қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпбиінің жобасы қоғамда үлкен серпіліс тудырды. Шығармашыл зиялы қауыммен кездесу таңдалған стратегияның дұрыстығын дәлелдеді.

Еврей, грек, армян, араб,латын және кирил графикасына негізделген 140 аса қыпшақ жазба ескерткішін жариялаған, 3 руна жазуының оқылуын анықтаған Александр Горкавецтың сөзінше, латын әліпбиіне көшу –  оны қабылдап, түсінуді және бұл үрдіске белсенді кірігуді көздейтін уақыт талабы.

IMG_3489

– Менің негізгі жұмысым – сөздерді бір әліпбиден екінші әліпбиге аудару. Қазақ халқының  іске асырғысы келетінін – мен күнделікті істеймін. Және де, мен бұл идеяны қолдаймын. Бір дыбыс бірнеше дыбыстың қосарлануы арқылы жеткізілетіні кез келген тілде кездеседі. Еуропалық тілдерде, мәселен, бұл тарихи қалыптасқан. Қазір, бізге маңызды қағиданы есепке алу қажет – бұл ойлау үнемділігі, күш салу үнемділігі. Ең бастысы – тілді кодтау мен қайта кодтауға адамның артық уақытын кетірмеу. – Әрине, алғашқы кезеңде белгілі бір бейімдеушілік пен қайта құрылу қажет, дегенмен түбінде осы қадам дұрыс, және күтілетін нәтижелер дамудың жаңа кезеңіне көшуге мүмкіндік береді.

Министр А.Мұхамедиұлы өз кезегінде қатысушыларға А.Гаркавецтің жазу тарихына қосқан үлесі туралы еске салды:

–Бұл кісінің ойы өте құнды, себебі, ол көне қыпшақ жазуының барлық ерекшеліктерін біледі, өз өмірінің барлығын «Дешті-Қыпшақ».Құпия белгілер» мен «Марко Полоның Жібек жолы» ғылыми-көпшілік фильмдеріне негіз болған деректер мен тарихи маңызды кітаптарды аударуға арнаған – деп, ғалымға Қазақстанның мәдени мұрасына қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс білдірді.