Қалпына келтірудің итальяндық тәсілі

12.03.2018 15:00 1410
  • WhatsApp Image 2018-03-12 at 11.33.23

2018 жылдың 11 наурызында ҚазҒЗМИ-дың  бас директоры, философия докторы Андрей Хазбулатов Италияның Мәдениет және спорт министрлігінің Опифичо-Делле-Пьетре-Дуре (Opificio delle Pietre Dure) атты қалпына келтірудің жетекші институтының делегациясымен кездесті. Делегацияны Жоғары білім беру мектебінің директоры Летиция Монтальбано басқарды.

Кездесу барысында тараптар Италиядағы қазақстандық мамандардың біліктілігін көтеру саласындағы ынтымақтастықтың қырлары мен  біріккен қалпына келтіру-консервациялау  жобаларын іске асыруды талқылады,

Опифичо дель Пиетре Дюре бедерлеу, капеллалар мен алтарьларды әсемдеумен айналысқан шеберхана негізінде 1588 жылы  құрылды. Бүгінгі күні осы институт қалпына келтіру саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылады, оның еншісінде ұлы итальян суретшісі Леонардо да Винчидің қаламынан туған аяқталмаған «Абыздардың табынуы», Рафаэльдің флорентиялық кезеңдегі «Пайыз торғай ұстаған Мадонна»» туындысы, американдық экспрессионист Джексон Поллоктың «Алхимиясы» сияқты аты аңызға айналған жауһарлармен тәжірибесі бар.