ҚазҒЗМИ және американдық «Bravo Media» компаниясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

05.05.2018 13:05 1302

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты және американдық «Bravo Media» компаниясы ғылыми-зерттеу жобалары, бірлескен деректі фильмдер түсіру, кинотаспаларды ғылыми цифрлау, мұражайлық цифрлау және бастамалар  саласында ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды. Құжатқа  бас директор, философия докторы Андрей Хазбулатовтың Америка Құрама Штаттарына сапары кезінде қол қойылды.

«Bravo Media» компаниясының негізін қалаушы және директоры Тим Донован Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасына тәнті болып, Қазақстан брендтерін әлем сахнасына  шығаруға мүдделі екенін атап өтті. «Bravo Media» компаниясы АҚШ цифрлық технологиялар саласы нарығындағы көшбасшылардың бірі болып табылады. Ол жаһандық интернет желісі арқылы шығармашылық контентті дамыту мен қалыптастыру бойынша жобаларды орындап,   Google, Mercedes-Benz, Nike және басқа да халықаралық компаниялармен бірге қызмет атқарып келеді.