«Третьяков галереясынан алынған ХХ ғасырдың 50 жауһары» көрмесі

28.05.2018 18:00 1571
  • WhatsApp Image 2018-06-04 at 15.02.23 (1)

2018 жылдың 6 маусымында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Астананың 20 жылдығын тойлау аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен ұйымдастырылған «Третьяков галереясынан алынған ХХ ғасырдың 50 жауһары» көрмесінің ашылуы өтеді. Тұңғыш рет  әйгілі және терең тарихы бар Ресей мұражайы Мемлекеттік Третьяков галереясынан алынған бірегей бейнелеу өнерінің туындылары ұсынылады. Солардың ішінде орыс авангардының дүниежүзіне танымал суретшілерінің туындылары, «Қиық балта»  көркем бірлестігіне кіірген Петр Кончаловкий, Илья Машков, Александр Куприн, Роберт Фальк және Аристарх Лентулов, сонымен қатар көпшілікке балалық шағынан танымал христоматиялық туындылар Федор Решетниковтың «Тағы екілік», Татьяна Яблонскаяның «Таң», Владимир Стожаровтың «Зығыр»  мен Аркадий Пластовтың «Тракторшының кешкі асы» бар.