«Пабло Пикассо «Селестина және Валористық керамика» көрмесі

«Пабло Пикассо «Селестина және Валористық керамика» көрмесі

23.07.2018 16:00 51
  • cultural

Қазақстанда тұңғыш рет ХХ ғасырдың ең танымал және беделді суретшісінің бірегей көрмесі өтеді. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Пабло Пикассо «Селестина және Валористық керамика» атты Астананың 20 жылдығына арналған көрме ҚР Ұлттық музейінде өтеді.

Көрмеде керамикадан жасалған туындылар мен гравюра коллекциясы ұсынылады. Құмыралар, табақшалар, құстар, мифтік тіршілік иелері – барлығы Пикассо Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өмір сүрген Францияның шуақты оңтүстігіне сай ашық түспен берілген.

1946 жылы Пабло Пикассо Валористағы жыл сайынғы керамика көрмесіне барған. Жаңа материалдан шабыт алған ол, төрт жүзден астам керамикалық мүсін жасаған.