Үздіктердің үздігі

29.08.2018 00:00 2805

2018 жылдың 25 тамызында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының (ҚазҒЗМИ) өкілдігінде ҚазҒЗМИ-дың бас директоры Андрей Хазбулатов Қазақстанның жетекші өнертанушыларымен отырыс өткізді.

Бірінші кездесудің басты тақырыбы Қазақстан Республикасының Президентінің бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» арнайы жобасының аясында іске асырылатын әдебиет туындылары мен бейнелеу өнерінің туындыларын іріктеу кезеңдерін талқылау болды.

Соның ішінде, өнер саласындағы сарапшы топты қалыптастыру үшін отандық және шетелдік сарапшылардың тізімі талқыланды. Отырыстың мазмұны мен жұмыс кестесі әзірленді, сонымен қатар жұмыстар мен авторларды іріктеу талаптары әзірленді. Бүгінгі күні сарапшылық топтың отырысы барысында нақтыланып талқыланатын бейнелеу өнері мен әдеби туындылардың авторларының алдын ала тізімі құрастырылды.

Іріктеу нәтижесі бойынша « Қазіргі қазақ бейнелеу өнерінің антологиясы» иллюстрацияланған каталогы шығарылады, сонымен қатар БҰҰ-ның алты тіліне аударуға ұсынылған әдеби туындылардың тізімі жасалады.