Алматыда Тәуелсіздік жылдарындағы суретшілердің шығармашылығы талқыланды

19.10.2018 12:51 2516

2018 жылдың 18 қазаны Алматыда Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы бейнелеу өнері шығармаларын іріктеу жөніндегі Сарапшылық топтың отырысы болып өтті. Жобаны Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» Мақаласының «Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстандық мәдениет» арнайы жобасын және Қазақстан Республикасының Мәдени саясат тұжырымдамасын орындау  мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты жүзеге асырады. Бірінші кезеңде  12 суретшілер одағы мен ассоциацияларынан 100 аса үміткер ұсынылды. Шараны кең ауқымда өткізу үшін, соның ішінде шығармашылық одақтар мен ассоциацияларға кей жағдайда кірмей қалатын өнер жолын енді ғана  бастаған жас авторларды қатыстыру үшін қосымша халықтық дауыс беру порталы әзірленді. Осылайша, жалпы алғанда сарапшылардың алдына 254 автордың 500 жұмысы ұсынылды.

Отырыс қатысушыларына ілтипат сөзінде Мемлекеттік өнер музейінің директоры Гүлмира Шалабаева Қазақстан әлеуметінің өнерге жоғары қызығушылығын атап өтті, бұл мәдени саясаттың нығаюының белгісі екені анық. Оның айтуынша, қазақстандық бейнелеу өнері мектебі Тәуелсіз Қазақстан замандастарының мамандандырылған каталогын шығарып, әлемдік қауымдастыққа ұсыну үшін уақытылы да қажетті шара болатындай деңгейге жетті.

– Осы жобаның стратегиялық басымдығы ретінде бәсекелік қабілет, прагматизм, сананың ашықтығы және эволюция – нақты қағидалары арқылы ұлттық сана мен бірегейлікті сақтау негізінде рухани жаңғырудың өзегі болатын Елбасының бастамасымен шыққан «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы алынған, – деп өнетану кандидаты Мадина Сұлтанова атап өтті. – Осы жоба әрбір үміткерге осы қағидаларды ұстанып, өз даралығын көрсетуге мүмкіндік берді! Жоба жұмысына үлкен қызығушылықпен Ресей Көркемөнер академиясының академигі, Ресей Федерациясының Халық суретшісі, Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Павел Никонов қатысты. Оның пікірінше елдің суретшілері туралы ақпарат жинаудың өзі және халықтық дауыс беру механизмін іске қосу мемлекет тарапынан да , әлеумет тарапынан да мәдениетке деген үлкен қызығушылық туралы хабар береді. Эмоцияға толы баяндамамен өнертану кандидаты, жобаның арт-кураторы Ольга Батурина сөз сөйледі:

–Осы іріктеу көптеген шеберханалардағы мольберттердің шаңын «сілкіп», осы жобада көрінуіне жағдай жасады. Осынша суретшілеріміз барын елестете де алмаған едік. Қатысуға ниет білдерген әрбір суретшіден 254 үміркерлік келіп түсті, оларға 50 елден 162 мың  сайтқа кіруші дауыс берді. Дауыс беруге Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Украина, Қырғызстан және Сингапур, Морокко, Иордания және Тайланд сынды елдер қатысты. Бұл әлемдік әлеуметтің Қазақстан өнері деген назары жағары екенін білдіреді! Осының нәтижесінде қылқалам арқылы өз сезімдерін шындыққа айналдырумен өмір жолын байланыстырғандарға өзіндік есеп жасауға мүмкіндік туды. Жұмыстардың көптігін және ұсынылған суретшілердің санын, сонымен қатар іріктеуге қойылған талаптарды, ұлттық идеяның әр түрлі қырларын көрсету қабілетін,  ерекше көркемдік-образдық түсіндіру және авторлардың шетелде танылуын есепке ала отырып, сарапшылар тізім жасауда үлкен жұмыс атқарды. Бейнелеу өнері каталогының жарыққа шығуындағы басты мақсат – осы көпқырлы өнерді көрсету! Сондықтан біздің сарапшылық комиссия өзінің жұмыстарында қазіргі қазақстандық өнердің барлық түстері мен қырларын көрсететін замандастардың белгілі бір тізімін жинақтады.

Ұсынылған суретшілердің тізімі қазіргі заманғы қазақ бейнелеу өнерінің антологиясының соңғы тізімін бекітетін  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қарауына беріледі.

Барлық авторлар туралы ақпарат www.vote.cultural.kz сайтында жарияланады.