Ғалым Күлтөбе туралы: қалажұрт қоқыс пен және арамшөптер басып кеткен төбе болған

21.01.2021 00:00 1335

Eurasian Resources Group қаржылай қолдауымен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының (ҚазҒЗМИ) ғалымдарымен жүзеге асырған «Күлтөбе қалажұртының тарихи нысандарын қалпына келтіру» бірегей ғылыми жобасы мәреге жетті. «ЭК» тілшісіне берген сұхбатында «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС-нің бас директоры, философия докторы (PhD) Андрей Хазбулатов жобаның тарихы, екі жылдық жұмысының нәтижелері және алдағы жылға арналған жоспарлар туралы әңгімеледі.

- Андрей Равильевич, екі жыл бұрын сіздің институтыңыз «Күлтөбе қалажұртының тарихи нысандарын қалпына келтіру» атты ауқымды жобаны бастаған болатын, бүгінде ол жоба бітуге жақын қалды. Мұның бәрі қалай басталды?

- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанның бүкіл қазақ халқы үшін маңыздылығын үнемі атап өтеді. Бұл бүкіл түркі әлемінің рухани орталығына айналған Орта Азиядағы ең көне қалалардың бірі. Саябақ орналасқан жер - ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі біздің еліміздің басты тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі ғана емес, сонымен бірге бүкіл адамзаттың мұрасы болып табылады. 2018 жылы 19 маусымда Елбасы Түркістан қаласында болғанда Түркістан облысының құрылуы туралы тарихи жарлыққа қол қойды. Осы сәттен бастап көптеген ғасырлар бойы Қазақ хандығы мен түркі әлемінің саяси және рухани бесігі болған ежелгі қала жаңа тарихын бастады. 2 миллионнан астам халқы бар аймақ дамудың жаңа векторына өтті, ал Түркістанның облыстық орталығы инвестицияларды тарту орталығына айналды. Әрі қарай Түркістанды дамыту тұжырымдамасы жасалды. Халықаралық байқау жарияланды. Оның нәтижелері бойынша Нұрсұлтан Назарбаевқа үздік жобалар ұсынылды. Оның ішінде «Күлтөбе қалажұрты» ашық аспан астында археологиялық саябақ құру жобасы болды. 2018 жылдың желтоқсанында Елбасы жиналыс өткізді, онда негізгі нысандар мен орындаушылар бекітілді. Қалажұрт нысандардың бірі болып шықты. Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістанда басты жобалар тізімін бекіте отырып, Күлтөбе қалажұртының Еуразия халықтарының мәдениеттерінің интеграциясы мен өзара әсер ету процестерін зерттеудегі басты ескерткіш ретіндегі маңыздылығын атап өткені қуантады. Осы тарихи шешімнің арқасында біз бүгін Күлтөбеде жұмыс істеп жатырмыз.

Жобаның іске асырудың алғашқы күндерінен бастап қаржылық қолдауды ERG басқарды. ERG үшін бұл ең ірі және басым әлеуметтік жобалардың бірі болып табылады. Соңғы екі жылда жоба елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірнеше рет ұсынылды. Сонымен қатар қалажұртқа үнемі барып, онда жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын бақылап отыратын елдің премьер-министрі Асқар Маминнің ерекше бақылауында.

- 2016 жылы ҚазҒЗМИ Күлтөбе қалажұртында барлау жұмыстарын жүргізді. Жоба орындаушысын таңдау кезінде бұл факт ескерілді ме?

- Әрине, оның шешуші маңызы болды. 2016 жылдан бастап біз осы нысанда барлау жұмыстарын жүргізу үшін авторлық құқыққа иелендік. Соның негізінде біздің институт орындаушы болып бекітілді. 2017 жылы ортағасырлық сәулет өнерінде танылған қазақстандық археолог Ерболат Смағұлов 2019 жылы, өкінішке орай, қайтыс болған, Күлтөбені қазумен айналысқан. Содан кейін Күлтөбе қалажұрыты кез-келген - тарихи, ғылыми және туристік тұрғыдан өте перспективалы нысан болып табылатыны туралы түсінік болды. Сондықтан, біз оны дамытуға бар күшімізді салдық. Алдымен біз жобаны үкімет алдында қорғап, әрі қарай жүзеге асыруға рұқсат алдық. Ашық аспан астында археологиялық саябақтың тұжырымдамалық ғылыми шешімі мен эскиздық жобасы жасалды. Алдымен мемлекеттік органдарды жобаның келешегіне сендіру жеңіл болмағанын атап өту керек. Өйткені, алғашқы кезеңде археологтар зерттеген шағын, едәуір маңызы бар аумақтан бөлек, қоныс қоқыспен жабылған, арамшөптер басып кеткен төбе болатын. Оның орнында болашағы зор туристік орынды елестету қиын болды. Түркістан дамуға жаңа серпін алған кезде Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне іргелес аумақты абаттандыруға байланысты мәселені шешу қажет болды. Бірақ буферлік аймақта, кесенеде құрылыс салу мүмкін емес еді, өйткені бұл аймақта ежелгі тарихы бар елді мекен болғаны белгілі болды. Содан кейін археологиялық зерттеулер жүргізу және толыққанды туристік нысан - «Күлтөбе қалажұрты» ашық аспан астында археологиялық саябақ құру идеясы ұсынылды. Бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қолдауымен бұл жобаны бастау және Премьер-Министр Асқар Маминнің басшылығымен жобаны жүзеге асыру мүмкін болды.

- Бұл жолы ҚазҒЗМИ ғалымдарына өте күрделі міндет қойылды: ашық аспан астындағы саябақты құра отырып, 27 гектар алқапта үш жыл ішінде зерттеу, барлау және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.

- Бізге бұл жобада бұрын жұмыс істегеніміз көмектесті. Біз оны өздігінен және басынан бастаған жоқпыз. 2016 жылдан бастап ғылыми өтінімін, саябақтың тұжырымдамалық шешімін жасадық. Яғни, 2019 жылы біз нысанға жеткілікті дайындықпен келіп, үш жыл бұрын басталған жұмысты жалғастырдық. Сонымен қатар, біз өз күшімізге сүйене отырып мерзімді оңтайлы деп санап, жобаны жүзеге асыруға үш жылдық мерзім ұсындық.

- Қазба жұмыстары 2012 жылдан бері жүргізіліп келеді. Алдыңғы зерттушілердің нәтижелері қаншалықты маңызды болды?

-Олар, әрине, маңызды, өйткені археологтар алғашқы кезеңде қандай мақсатта қолданылғанын білмеген , б.з.д. I– б.з. II ғасырларға жататын ең көне цитадель мен крес тәрізді ғибадатхананы ашты. Бізде осы мәселе бойынша бірнеше болжамдар бар. Олардың біреулері бойынша, қасиетті ғибадатхана болған. Кейінірек ғимараттың басқа мақсаты болғаны мүмкін. Қазіргі зерттеулер бұл обсерватория, мүмкін кітапхана болуы мүмкін деп болжайды. Археологиялық зерттеулердің басында және бүгінгі күні бізге Түркістанның екі мың жылдан астам тарихы бар деп айтуға мүмкіндік беретін крес тәрізді ғибадатхананың Күлтөбе қалажұртында негізгі нысан болып қалатындығы да күмәнсіз.

- Сіз жүзеге асырып отырған жобаның ерекшелігі ауқымнан басқа, гуманитарлық ғылымдар мен заманауи технологиялардың синтезін білдіретін инновациялық тәсілдер қолданылуында. Зерттеуде ерекше әдістер қолдану қажеттілігі неде және сіз қазіргі заманғы технологиялардың қайсысын қолдандыңыздар?

-Жобаны орындауға кіріскенде, біз барлық міндеттерді жүзеге асыруға бөлінетін үш жыл, өте қысқа мерзім екенін түсіндік. Осы уақыт ішінде біз әр дәуірге жататын басты археологиялық нысандарды тауып, архитектуралық графикалық қайта құруды жүргізіп, зерттеп, оларды жартылай қалпына келтірумен қатар, жоғарғы деңгейде түрде консервациялаумыз керек болды. Егер біз дәстүрлі әдістерді қолданып, әр жерден қазсақ, онда жұмыс көлемі мен қойылған міндеттерді ескере отырып, бізде 10 жыл да жеткілікті болмас еді. Сондықтан, біз назар аударуға тұрарлық нысандарды қалай тез және тиімді табуға болатындығы туралы халықаралық тәжірибені зерттедік және қазу жұмыстары басталғанға дейін де ең перспективалы бағыттарды анықтауға мүмкіндік беретін георадалық сканерлеу әдісін қолдандық. Заманауи технологияларды қолдану қысқа мерзімде көптеген міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. Жалпы, біз жоғарыда аталған міндеттермен бірге «Күлтөбе қалажұртының тарихи нысандарын қалпына келтіру» жобасын жүзеге асыру жалпы, қазақстандық археология ғылымының дамуына ықпал етеді деп сенімді түрде айта аламыз.

- Жоба аясында сіздің институт ашық аспан астындағы бірегей саябақтың тұжырымдамасын жасады. Оның ерекшелігі неде?

- Күлтөбенің ерекшелігі оның көпқабаттылығында. Біздің тұжырымдамада әртүрлі уақыт кезеңдеріне жататын отыздай басты нысандарын айқындадық. Олар белгілі бір түрде жалғасатын Түркістан сәулетінің эволюциясын көрсетеді. Біз тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарды тапқанда, ежелгі заманнан бері құрылыс белгілі бір ережелер бойынша салынған деген қорытындыға келдік. Олар бүкіл Орта Азияға тән сәулет өнерімен байланысты. Оның өзіндік ережелері мен ерекшеліктері бар. Біз осы ережелерінің барлығын зерттедік және оларды басты нысандарды ғылыми қалпына келтіруде қолданатын боламыз.

- Алғашқы екі жылдағы жұмыс нәтижелері қандай?

- Біз екі жыл ішінде ашық аспан астындағы саябақты құруға бөлінген 27 гектар жердің 18 гектарын зерттедік. 2019 жылы алғашқы тоғыз гектар аршылып, бірқатар басты нысандарын анықтадық. Олардың арасында б.з.д. I – б.з. II ғасырлардағы ең ежелгі қасиетті орын және әр түрлі кезеңдерге жататын ғимараттар: XII ғасырдағы сопының үйі, X–XI ғасырлардағы құрбандық орындары бар үй-жайлар кешені, б.з. I–II ғасырларындағы цитадельдің қабырға мен мұнарасы сынықтары, XVIII  ғ. - XIX ғасырдың басындағы дәулетті жер иесінің тұрғын үйі, XV–XVII ғасырлардағы бұйымдарды күйдіруге арналған пеші бар шеберхана, XVII–XVIII ғасырлардағы шебердің тұрғын үйі, XII–XIII ғасырлардағы тұрғын үй және XIX  ғ. - XX  ғасырдың басына жататын тұрғын құрылысы жатады. 2020 жылы екінші тоғыз гектар жер аршылып, келесі 10 басты нысандар анықталды және бірінші аймақта ғылыми қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Екі жыл бойы жүргізілген қазба жұмыстары барысында болашақта ел мұражайларына жіберілетін 2580 түрлі жәдігерлер табылды. Біздің ғалымдар олардың толық тізімін жасап, камералдық өңдеу жүргізді. Біз жүзеге асырып жатқан жобаның мультипликативті әсері зор деп сеніммен айтуға болады. Біз ғылыми зерттеулер мен реставрациялық жұмыстарды жүргізумен қатар еліміздің мұражайларын Қазақстанның ежелгі тарихының бірегей материалдық дәлелдерімен толықтыра аламыз. Қазақстандық және шетелдік басылымдарда жасалған көптеген ғылыми жарияланымдар маңызды нәтижеге ие болды. Қазірдің өзінде жобаның аралық кезеңінде бізде екі монография жарық көрді. Бұл болашақ зерттеушілер, тарихшылар, археологтар, студенттер үшін қол жетімді болатын құнды ғылыми материал.

- Андрей Равильевич, ашық аспан астында археологиялық саябақтың құрылуына себеп болған Күлтөбе қалажұртының басты ерекшелігі неде?

- Оның басты ерекшелігі -  ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген ортағасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткішіне жақын орналасқандығында. Күлтөбе қалажұрты қазіргі Түркістанның бастамасы және бұл жерде кесене кездейсоқтан салынған жоқ. Ең алдымен, ежелгі Түркістан тұрғындары үшін бұл жердің қасиетті мәнін көрсетеді. Күлтөбе көптеген құпияларға толы. Кейбіреулерін біз таба алармыз, ал кейбіреулерін білмейтін боламыз. Мұнда көптеген қызықты және қасиетті жәдігерлер бар, олар терең және көп жылдық зерттеулерді қажет етеді. Біздің қазіргі міндетіміз, басқалармен қатар, Қазақстан тарихы үшін осы екі маңызды нысанды үндестіру.

- Жоба өзінің соңғы кезеңіне жетті. Биыл ҚазҒЗМИ ғалымдарының алдында қандай міндеттер тұр?

- Біз жұмыс көлемі үш есеге артуына байланысты 2021 жылға жоспарымыз көп. Қалған 2020 және 2021 жылдары тоғыз гектарға археологиялық зерттеулерді жүргізіп, тарихи орындарды қалпына келтіруді бір емес, екі аймаққа жүргізуіміз керек. Белгіленген мерзімде бітіру үшін біз әр бөлімде жұмыс істейтін мамандар мен жұмысшылардың санын көбейтуіміз керек. Әрине, биылғы жылдың басты оқиғасы болатын  - «Күлтөбе қалажұрты» ашық аспан астындағы археологиялық саябақтың тұсаукесері күзге жоспарланған. Соңғы нәтижесі бүкіл жобаның нәтижелері бойынша ұжымдық монографияның материалдары мен басылымдарын дайындау болмақ.

- Археологиялық зерттеулер барысында көптеген таңғажайып жәдігерлер табылғаны белгілі. Олардың қайсысын атап өтер едіңіз?

- Мұндай жәдігерлер өте көп. Екі жыл ішінде алтыннан және жартылай бағалы тастардан жасалған ерекше зергерлік бұйымдар, шамамен 450 тиындардан тұратын ең бағалы нумизматикалық жинақ, олардың ең көнелері II–IV  ғасырларға жатады, кітаптар және, әрине, ең құнды әдет-ғұрыптық жинағы және тұрмыстық керамика  қазынасы күлтөбелік олжалар қатарына кірді. Соңғы екі археологиялық маусымның нәтижелері - бұл жер қолөнершілер қалажұрты болған деп айтуға негіз береді. Атап айтқанда, мұнда қыш ыдыстарының саны өте көп болды. Мұны әр түрлі дәуірлерден келе жатқан әр түрлі деңгейде сақталған түрлі керамика үлгілері дәлелдейді. Барлығы біз 25000-нан астам фрагменттер таптық. Тұрмыстық және салттық керамикадан басқа, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін безендіру үшін қолданылған беткі керамиканың сынықтары табылды. Яғни, кесенені салған және мұнда тақтайшаларын шығарған күлтөбелік шеберлері болды деп айтуға болады. Бұрын тақтайшаларды қазіргі Өзбекстан аумағында орналасқан қалалардан тасымалданды деген пікір болған. Үлкен қыш пештері мен көптеген тақтайшалары бар шеберхана көшелерін таптық. Атап айтқанда, біз қыш жасаушылар орамы деп атайтын мұндай көшені біздің археологиялық саябағымыздан көре аласыздар.

- Тарихи нысандарды қалпына келтіру кезінде оның шынайылығын сақтау және соған ұқсас заттардың пайда болуына жол бермеу өте маңызды. Сіз бұл мәселені қалай шешесіз?

-Қазба жұмыстары кезінде табылған материалдар нысанды тарихи нысанға айналдырады. Егер біреу ежелгі материалды заманауи материалмен алмастырса, онда оның ерекшелігінен айырылады. Бұл жағдайда нысан өзінің туристік әлеуетін және ғылыми құндылығын жоғалтады. Басынан бастап біз ғылыми қалпына келтіру дәстүрін бұзбаймыз және өз жұмысымызда тек шынайы материалдарды қолданамыз деген шешім қабылданғанбыз. Табылған археологиялық қабаттарды зерттеп, ғылыми зерттеулер жүргізгеннен кейін біз ежелгі Күлтөбе тұрғындары өз үйлерін және шеберханаларын салған материалмен бірдей ежелгі материалдың құрамын таптық. Бұл саз, сабан, дән қабығы. Біз ежелгі технологияларды қолданып дерлік шынайы құрылыс материалын жасаймыз. Қайта қалпына келтірілген қосалқы нысандардың биіктігі бір метрден, ал басты нысандары үшін екі метрден аспайды.

- ЮНЕСКО мен ИКОМОС сарапшыларымен жұмыстарыңыз туралы айтсаңыз.

- Нысан Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің буферлік аймағында орналасқан, демек бізге қателік жасауға болмайды. Мұндай археологиялық нысандармен жұмыс істеу кезінде мәдени мұраны сақтау тәсілдерінде ЮНЕСКО мен ИКОМОС-тың (Ескерткіштер мен орындарды сақтау жөніндегі халықаралық кеңес) халықаралық конвенциялар мен жарғыларына сәйкес келу міндетті болып табылады. Жобаны бастағанда біз ЮНЕСКО сарапшыларын ынтымақтастыққа, атап айтқанда, ЮНЕСКО мен ИКОМОС-тың аға сарапшысы, археологиялық саябақтардың маманы Майкл Янсен және осы саланың басқа жетекші сарапшыларын шақырып барлық маңызды қадамдарды талқыладық. Біз осы немесе басқа тарихи нысанды қалпына келтірудің қай деңгейде жүзеге асырылатынын, қай бөлшектерін қайта құруға және қайсысын сақтауға немесе соған ұқсас үлгісін жасауға болатындығын шешеміз. Барлық шешімдер жазылады және жобаға қатысты барлық ғылыми құжаттарды біз ЮНЕСКО-ның штаб-пәтеріне жібереміз. Қалажұртта жүргізілген жұмыстардың барлығы халықаралық стандарттар мен ережелерге сәйкес жүзеге асырылатындығы халықаралық сарапшылардың қорытындыларымен расталады.

- Коронавирустық пандемияның кесерінен бәріміз қиын жағдайға тап болғанымызға бір жылдай болды. Пандемия сіздерің жобаларыңызға әсер етті ме?

- Әрине, коронавирустық пандемия біздің жұмысымызға белгілі бір қиындықтар әкелді. Бірақ біз нысандардағы жұмысты тексеру органдарының шағымдары болмайтындай етіп ұйымдастыра алдық. Ақыр соңында, бәрі тыныш және оқиғаларсыз жүргізілді. Адамдар ашық аспан астында жұмыс істеді және оларға маскалар мен зарарсыздандырғыштар берілді. Біздің жағдайда әлеуметтік қашықтық әдеттегідей сақталды.

- Сіз белгілі археологиялық саябақтардың қайсысымен өз институтыңыз құрған «Күлтөбе қалажұрты» археологиялық саябағын салыстыра аласыз?

- Мен бүкіл әлем бойынша археологиялық саябақтарды зерттедім, бірақ менің сүйіктім - Помпей мұражайы. Ол жақсы сақталған. Ол жақта да Күлтөбедегідей археологиялық зерттеулер, содан кейін консервациялау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Күлтөбе қалажұрты қорғалатын аймақта орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сияқты Помпей мұражайы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы болатындықтан біз итальяндық әріптестерімізбен бірге жұмыс істеміз.

Еуропалық ескерткіштер, әрине, азиялық сәулеттерден ерекшеленеді, оларды жасауда ұзаққа шыдайтын қатты материалдар қолданылады. Біздің тарихи орындарда құрылыс материалдары осал. Зерттеу және қалпына келтіру қиын. Бірақ, біз қазақстандық мамандармен, шетелдік сарапшылармен және үкіметтің қатысуымен отандық тарихи саябақты танымал халықаралық нысандар деңгейінде жасауға тырысамыз.