«Астана Опера» әлемді шарлайды

22.08.2014 10:00 1555

 

Астана қаласының «Астана Опера» театры әлемдік турне жасайды. АҚШ, Канада, Франция, Бельгия, Нидерланды мемлекеттерінің талғампаз жұртшылығына театр опералық репертуарының ең керемет қойылымдары көрсетіледі.

2014 жылдың 27 қазаны мен 5 қарашасы аралығында «Астана Опера» театрының труппасы әлемнің ең атақты концерттік залдары мен театрлары Карнеги Холл (Нью-Йорк, АҚШ), Sony Centre for the Performing Arts (Торонто, Канада), Бастилия Операсы (Париж, Франция), «DeDoelin» концерттік залы (Роттердам, Нидерланды) сахналарында өнер көрсетеді.

Турне бағдарламасы еуропалық және ұлттық музыкадан 20 ғасыр әуендеріне дейінгі сан түрлі бағыттардағы музыкалық туындыларды қосады. Мысалы үшін, Нью-Йорктың аты аңызға айналған Карнеги Холл залында «Астана Опера» хоры американдық Spiritual «ElijahRock» шығармасын орындайды.

Түрлі жанрлардағы музыканы орындау арқылы астаналық өнер ордасының репертуары ең талғампаз көрермендерді тамсандырар бірегей және сәулетті театр ретіндегі имиджін қалыптастыруға септігін тигізеді. Роттердамдағы концертке «Астана Операны» әріптестік пен өз елдеріне концерттік бағдарламамен келуге шақырғалы жатқан жетекші 20 театрдың басшылары келеді деп жоспарлануда.

Гастрольдерге «Астана Операның» ең әйгілі жұлдыздары – Денис Мацуев, Ильдар Абдразаков, Ержан Кулибаев, Альберто Газале, Жұпар Габдуллина, Медет Чотабаев, Барсег Туманян, Дина Хамзина, Бауыржан Андержанов, Сүндет Байғожин, Айгүл Ниязова, Мейір Байнеш, Альфия Кәрімова, әлемге танымал дирижерлер Алан Бөрібаев және Абзал Мухитдинов қатысады.

по материалам: www.mk.gov.kz