Қытайда өтіп жатқан Жасөспірімдер Олимпиадасындағы екінші қола жүлде

22.08.2014 11:00 1199

 

Жасөспірімдер арасындағы екінші Олимпиада ойындарында (Нанкин, Қытай) жас қазақстандық штангашы Татьяна Капустина 63 кг дейінгі салмақ категориясында 3 орын алды. Бұл салмақтағы жеңісті тайландтық спортшы қыз, ал екінші орынды Ресейден келген ауыратлетші иеленді.

Татьяна Капустина Ақмоланың ауыр атлетика мектебінің өкілі болып табылады.

Бұл медаль Қазақстанның аталмыш Олимпиададағы үшінші жүлдесі. Бұған дейін дзюдошы Бауыржан Жауынтаев бірінші, ал ауыратлетші Жасұлан Қалиев үшінші орыннан көрінген болатын.

по материалам: www.mk.gov.kz