Қоржынға тағы бір қола түсті!

25.08.2014 15:00 1341

 

Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан II жасөспірімдер Олимпиада ойындарында грек-рим күресі бойынша жас балуанымыз Евгений Поливадов 69 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальға ие болды. Еске сала кетсек, бұл – Қазақстан құрамасының қоржынындағы үшінші қола жүлде. Ал еншіміздегі жалғыз алтынды жас дзюдошымыз Бауыржан Жауынтаев сыйлаған болатын.

Сондай-ақ, бүгін белгілі болғандай, былғары қолғап шеберлері Абылайхан Жүсіпов пен Вадим Казаков ақтық сынға жолдама алды. Бокстан финалдық жекпе-жектер 27 тамызда өтеді.

по материалам: www.mk.gov.kz