Астанада «Жібек жолы» фестивалі өткізіледі

27.08.2014 11:00 1353

 

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде «Астана Опера» театрының бастауымен «Жібек жолы» халықаралық фестивалі өткізіледі. Шараны Дж. Пуччинидың әйгілі «Тоска» қойылымы ашады.

Бір ғасырдан астам уақыт бұрын жа­рық көрген музыкалық жауһар бүгінде әлемдік операның бестігіне кіріп, әлі де кө­рерменін тамаша көріністерімен тол­ғандырып келеді. «Тоска» опе­расының тұсауы 1900 жылы 14 қаңтарда Римде Костанци театрында кесілген. Опералық шығарма 1800 жылдарды На­полеон әскері Италияға басып кіруі ке­зінде Тоска есімді опера әншісі мен оның сүйіктісі Марио Каварадоссидің арасында ғашықтық оқиғасын баяндайды.

Пуччинидің музыкасына ғашық болмау мүмкін емес. «Ла Скала» театры­ның түпнұсқадағы қойылымы, Лука Ронконидің сарқылмайтын режис­серлық қиялымен таңдай қақтырады. Қою­шы режиссер басты назарды адам бойындағы құштарлыққа, дәлірек айтсақ, тағдырдың жазуымен саяси жағдайға ілі­гіп, озбырлық, азап пен өлімнің құр­ба­нына айналатын ғашықтар оқиғасына аударған. 

«Тоска» партиясын үздік орындаушы – Анна Пироцци (Ита­лия), атақты тенор Массимо Джордано – Каварадоссидің рөлін (Италия) сомдай­ды. Скарпияның партиясын итальяндық опера әншісі Альберто Газале (Италия) тар­ту етеді. Бас партияны орындайтын Анна Пироццидің есімі қазақстандық кө­рермен үшін жақсы таныс. Ол биыл мамырда өткен спектакльдің тұ­саукесері кезінде астаналықтармен жүз­дескен. Ал әйгілі Массимо Джордано (те­нор) мен Альберто Газалені (баритон) Ел­орда жұртшылығы алғаш рет тыңдайды.

по материалам: www.mk.gov.kz