Киноөндіріс – заманауи мәдени кеңістіктің негізгі кластерлерінің бірі

27.08.2014 12:00 1521

 

Бұл туралы Астанада өткен Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомоства басшысы А. Мұхамедиұлы сөз қозғаған болатын. «Заманауи мәдени кеңістіктің негізгі кластерлерінің бірі киноөндіріс саласы болуы тиіс» - деп атап өтті министр.

–  Мәдени мұрамыз Discovery, Viasat history, National geographic, BBC жетекші кинокомпаниялар мен телеарналар үлгісінде әлемдік ғылым мен өнердің игілігі болуы тиіс. Біздің ұлттық кинематограф қазіргі заманның озық үлгілерін, еліміздің бірегей тарихи-мәдени мұрасын, тарихи оқиғалар мен ұлы тұлғаларды танытуға бағытталуы тиіс, – деп атап өтті министр.

Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстанда өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында ұлттық рухты нығайтуға бағытталған патриоттық нысандағы фильмдер өндірісін құру көзделген.

Сондай-ақ, Қазақстанда отандық анимация белсенді дамуы тиіс. Жетекші толықметражды мультипликациялық фильмдерді негізге ала отырып, олар ойын-сауық индустриясының танымал бірегей жобаларына айналуы тиіс.

по материалам: www.mk.gov.kz