Қазақстан қоржынына тағы бір алтын жүлде түсті

27.08.2014 14:00 1252

 

2014 жылдың 27 тамызында Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан Жасөспірімдердің жазғы Олимпиадасында жас боксшымыз Абылайхан Жүсіпов Қазақстан қоржынына тағы бір алтын жүлде салды. 60 кг дейін салмақ категориясында өнер көрсететін қарағандылық былғары қолғап шебері ақтық жекпе-жекте кубалық Алайн Лимонт Дидені 2:1 есебімен жеңді.

Абылайхан Жүсіпов Қарағандының Абай бокс мектебінің тәрбиеленушісі болып табылады. Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев те сол мектептің түлегі болып табылатынын еске саламыз. Абылайханның жеке жаттықтырушы-ұстазы – Бауыржан Аманбаев.

Өкінішке орай, жас отандасымыз Вадим Казаков болгарлық боксшы Благой Найденовтен жеңіліп, Олимпиаданың күміс жүлдесін мойнына тақты.

Қазақстан қоржынына бұл Олимпиада ойындарында 1 алтын (Бауыржан Жауынтаев),  3 қола (Жасұлан Қалиев – ауыр атлетика, Татьяна Капустина – штанга, Евгений Поливадов – грек-рим күресі) жүлде түсті.

по материалам: www.mk.gov.kz