Қазақстандық еркін күрес балуаны олимпиадалық алтын жүлдеге қол жеткізді

28.08.2014 10:00 1376

 

Қазақстандық еркін күрес балуаны Мұхамбект Қуатбек жасөспірімдер арасындағы екінші Олимпиада ойындарында алтын жүлдеге қол жеткізді.

Кадеттер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері өзінің Б тобында ресейлік Амирхан Гуважоковты, армяндық Вагинак Матевосынды, жаңа зелендиялық Брам Ричардс және венесуэлалық Элизер Ауларды ойсырата жеңген болатын. 

Олипиаданың алтын жүлдесі үшін күресте Мұхамбет Қуатбек Америкадан келген Датон Фикстен басым түсті.

Сонымен қатар бүгін қоржынымызға төртінші қола медальді көркем гимнасшы қыздарымыз қосты. Құрамында Әмина Қожахмет, Әлия Молдахметова, Виктория Гуслякова, Елизавета, Дарья Медведева және Нұрай Құмарова бар қыздар командасы топтық жаттығулар қорытындысында 25.050 ұпай жинап, үшінші орынға табан тіреді.

Сөйтіп, Қытайдың Нанкин қаласында өткен Жасөспірімдер арасындағы ІІ Олимпиада ойындары Қазақстан үшін жемісті аяқталды. Қазақстан құрама командасы аталмыш Олимпиадада 3 алтын, 1 күміс және 4 қола жүлдемен қайтқалы жатыр.

по материалам: www.mk.gov.kz